ФОТО

Kyzylorda-news.kz.  Қазақстан мен Ресей Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілінде оқытатын бірнеше мектеп салу мәселесін талқылап жатыр. Бұл туралы Ресей Федерациясы премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчук екі ел арасындағы XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында мәлімдеді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Біз қазір Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілінде оқытатын үш мектептің құрылысын жан-жақты талқылауды бастадық”, – деді Оверчук кездесу барысында.

Ол сондай-ақ Ресейде Қазақстан президентіне орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру бастамасы үшін алғыс білдіретінін жеткізді.

Ресей президенті бұл идеяның іс жүзінде жүзеге асу кезеңіне өткенін айтып, Тоқаевқа рахметін айтты.

“Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, біз сіздің бастамаңыздың маңыздылығын бағалай аламыз және ол үшін сізге алғыс айтамыз”, – деді Владимир Путин.

Қазақстан президенті энергетика саласындағы ынтымақтастық деңгейінің артып келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, жақында Ресей газының Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға транзитінің басталуы ел үшін маңызды оқиға болды.

 

Тағы да оқыңыз: