Kyzylorda-news.kz.  Оқу-ағарту министрлігі Ашық НҚА порталында Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесіне өзгерістер енгізу жөніндегі Үкімет қаулысының жобасын жариялады.

Оған сәйкес, енді Қазақстанда мұғалім күнін қазанның бірінші жексенбісінен нақты 5 қазанға ауыстыру жоспарланып отыр. Қолданыстағы ҚР мерекелік күндердің тізбесінде «Мұғалім күні» кәсіби мерекесі қазан айының бірінші жексенбісіне белгіленген.

Министрліктің түсіндіруінше, бұл өзгерту Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы тапсырмасын орындау мақсатында енгізілмек.

Тағы да оқыңыз: