Kyzylorda-news.kz Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстан Халық партиясының Қызылорда облыстық филиалы «Мектепке жол» республикалық акциясына үн қосып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына көмек көрсетуді дәстүрге айналдырған.
Биылда бұл дәстүр жалғасын тапты. ҚХП облыстық филиалының төрағасы Қайрат Ерназаровтың демеушілігімен Талсуат ауылдық округі мен Ақжарма ауылына қарасты Талдыарал елді мекенінде «Мектепке жол» акция аясында оқушыларға оқу құралдары мен мектепке қажетті жабдықтар табысталып, балалар мен ата-аналар қуанышқа бөленді.
Бұл игі шара – жас ұрпақтың болашағына жасалған қамқорлық пен қоғамдағы әлеуметтік жауапкершіліктің айқын көрінісі.