Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицей базасында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік мұғалімі – 2024» байқауының қалалық кезеңі өтті. 
Қала көлемінде отыздан астам қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері бақ сынаған байқауға қалалық білім бөлімінің әдіскері Нұржан Әсілханұлы қатысты.
Байқаудың мақсаты – оқыту мен оқу үдерісінде жоғары жетістіктерге қол жеткізген, өзінің инновациялық идеяларын ұсына алатын талантты, шығармашыл үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін анықтап, кәсіби шеберлігін шыңдау.
Байқауда пән мұғалімдері екі кезең бойынша сынға түсті. Бірінші кезеңде «Бір сабақ - бір әлем» тақырыбында қатысушылар ашық сабақ өткізсе, екінші кезеңде «Сөз шебері» ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап сөз сөйлеу, шешеңдік өнерін ортаға салу болып табылады. 
Екі күнге созылған байқаудың қорытындысымен А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тұрсынбай Ақгүл жүлделі бірінші орынға лайық деп танылды. Байқаудың қалалық кезеңінен өткен жеңімпаз ұстаз облыстық кезеңге жолдама алды.

Тағы да оқыңыз: