Kyzylorda-news.kz Бүгін №1 кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын І.Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай «Қазақ поэзиясының Құлагері» атты әдеби кеш өтті.
Танымдық шараның басты мақсаты – қазақ сөз өнерінің дүлдүлінің өмір жолы мен шығармашылығын жас буынға насихаттап, ұрпақ жалғастығын жаңғырту.
«Мен өзім тауда туып, тасында өстім» деп жырлаған ақынымыз Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды толғайды. Әсіресе, поэзияда әдебиеттің алтын қорына айтулы туындыларды дүниеге әкеліп, артына мол көркем мұра қалдырды.
Бүгінгі іс-шараға №11 мектеп-лицейінің 8-ші сынып оқушылары қатысты. Кейіпкер туындысынан арнайы кітап көрмесі жасақталып, оларға шолу жасалды.