Kyzylorda-news.kz Тәртіп пен тәрбиенің ұштасуы қауіпсіз қоғамды қалыптастырады. Осы орайда, кәмелетке толмағандар мен жастар арасында  қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, болдырмау, оларға қарсы қылмыстың жасалуына жол бермеу, сондай-ақ оқушылар мен студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қыркүйек айының 10-12 күндері аралығында Арал ауданы көлемінде «Қауіпсіз мектеп» жедел профилактикалық  іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқу орнындағы тәртіпті нығайтып, кәмелетке толмағандар, оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, топтық төбелес, буллинг, қорқытып алушылық, қоғамға қарсы іс-әрекетке тарту қылмыстарының жолын кесу, қоғамдық орындарда, жолдарда және бейтаныс адамдармен қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары бойынша білім беру ұйымдарында түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.

«Қауіпсіз мектеп» бойынша оқушылардың қауіпсіздігін сақтай отырып алдын - алу шараларының жұмыстары әрі қарай жандандырылып, жұмыс жасалады.
Алдағы уақытта бұл бағытта жұмыстар жалғасатын болады.

1.jpg

Тағы да оқыңыз: