Kyzylorda-news.kz  Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қармақшы аудандық филиалы өткен аналар мерекесіне орай аудандық Көшеней Рүсембекұлы атындағы Жыраулар үйінде бастауыш ұйымдарда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге белсенді атсалысып жүрген бір топ қыз-келіншектерді қабылдап, мерейлі мерекемен құттықтады. 

Жиында аудандық филиалдың алқа мүшелері, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы Әбдірахман Құлдүйсенов, аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Нұрлан Бейбітов, аудандық филиал төрағасы Гүлжауһар Раева тіл белсенділерін мерекемен құттықтап, облыстық, аудандық филиалдың Алғыс хатымен марапаттап, сый-құрмет көрсетті. 

– Көктемнің алғашқы күні алғыс айтумен басталса, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі де айналаға шуағын шашқандай нәзікжандыларды қуанышқа бөледі. Алда қазақтың Жаңа жылы да келе жатыр. Сіздерді осы көктемнің жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Тіл мәртебесін көтеруде сіздердің еңбектеріңіз зор. Туған елін, халқын, оның дәстүрін, мәдениетін шын сүйген адам ғана өз тілін құрметтейді. Әрқашан тілге жанашырлық танытудан тайынбаңыздар деп тілек білдіреміз, – деді филиалдың төрағасы Гүлжауһар Төлегенқызы.

Тағы да оқыңыз: