Kyzylorda-news.kz Оқушылардың жазғы демалысын және бос уақыттарын, жазғы лагерь жұмысын тиімді ұйымдастыруға әдістемелік көмек беру, күндізгі тынығу лагеріне тиісті санитариялық - эпидемиологиялық талаптармен таныстыру, құқық бұзушылық пен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Қармақшы ауданында «Көңілді жаз – 2024» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиева, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы Гүлнар Төлепбергенова және бөлім басшысы З.Атабаева, төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Серіккүл Әбжаева, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы Қанат Ермаханов, Қармақшы жастар ресурстық орталығының директоры Нұржұман Пірназаров және мектеп директорлары, әлеуметтік педагогтар, медбикелер, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, психологтар, ата-аналар комитетінің төрағалары қатысып, оқушылардың жазғы демалысын және бос уақыттарын, жазғы лагерь жұмысын тиімді ұйымдастыру барысын жан-жақты талқылады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен бекітілген «2024-2026 жылдардағы жазғы демалыс кезінде балаларды сауықтыруын, демалысын,бос уақытын өткізуге бағытталған іс шаралар» жоспары басшылыққа алынып, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге, олардың тиімді демалысын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыруға, ғылыми, техникалық, көркемдік шығармашылықта, біліктілігін кеңейту және тереңдетуге байланысты жұмыстар жүргізіледі.

 

Тағы да оқыңыз: