Kyzylorda-news.kz Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты №106 орта мектебінің «Балауса» жазғы тынығу этнолагерінде «Тәрбие негізі ұлттық құндылықта» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинарга аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Мағауия Әлиев, Иіркөл ауыл әкімі Жағыпар Төлегенов, Иіркөл ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлімбай Білжанов және мектеп ата-аналары қатысты.

Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу мақсатындағы іс шарада ұлттық тағам түрлері дайындалып, оқушыларымыз ұлттық спорт түрлерімен танысты.

Осы орайда балалар асық атып, атқа міну дәстүрін көрсетті. Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында «тұсаукесер» рәсімі өткізілсе, «Әжем айтқан ғибратты әңгіме» демекші, ардагер әжелер жас буындарға тәрбиелік мәні бар өзінің ғибратты әңгімелерін айтып, ақыл-кеңесін берді.

Іс-шара соңы «Сoworking» орталығында қорытындыланды. Сан ғасыр­­лар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды оқу-тәрбие процесіне ен­гізу арқылы ұлттың тұнып тұрған рухани байлығымен өскелең ұрпақты сусындату – басты парызымыз.

Тағы да оқыңыз: