Kyzylorda-news.kz  Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты №183 К.Томанов атындағы орта мектеп базасында жалпы білім беретін мектептердің 14-18 жас аралығындағы оқушылар арасында «Айбын-2024» әскери-патриоттық жастар жиынының аудандық кезеңі аймақтар арасында өтті. 

Сайысқа аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиева арнайы қатысып, жалынды жастарға сәттілік тіледі. 

Іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – жастар арасында әскери-патриоттық жұмысты жетілдіру, Қазақстан Қарулы Күштерінің беделін көтеру және әскери қызметті насихаттау, салауатты өмір салтын ұстанып, туған жер мен Отанға деген жастардың патриоттық сезімін арттыру. 

«Айбын» әскери-патриоттық жиыны – отаншыл жастарды адал қызмет етуге, ел қорғаны болуға тәрбиелейтін бірегей алаң». Иә, ауданда туған жерге деген сүйіспеншілігі жоғары жастардың көбейіп келе жатқаны қуантады. Жалынды жастардың сайысы әскери қолданбалы спорттың 8 түрі бойынша өтті. Ауданның 30 мектебінен 5 аймаққа бөлінген команданың оқушылары тартысты сайыс өткізіп, жеңімпаз атанған командалар арнайы дипломдармен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды.
 

Тағы да оқыңыз: