Kyzylorda-news.kz Қармақшы ауданы білім бөлімі бойынша әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес Жосалы кентіндегі №121 мектеп базасында жылдық үздік қолөнер шеберін анықтау мақсатында Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері арасында аудандық «Өнерлі ұстаз – 2024ә қолөнершілер байқауы өтті. Байқауға қатысып жатқан ұстаздар өзара тәжірибе алмасты. Себебі шебер болу – кез келген жанның қолынан келе бермейтін іс.

Байқауға бөлімдеріне қарай ұлдар бөлімі мен қыздар бөлімі бойынша қатысты. Ұлдар бөлімі бойынша ең жоғары ұпай санымен «Өнерлі ұстаз –2024» Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектептің пән мұғалімі Мұхтар Науанов жеңімпаз атанды. Ал жүлделі ІІ орынға №277 мектеп-лицейдің мұғалімі Мейрам Жарылқасын мен №274 мектептің мұғалімі Закария Ысқақтар жайғасты. Ал ІІІ орынға №28 мектептің мұғалімі Қанат Қойбағаров пен № 275 мектеп мұғалімі Шынарбек Омаркулов ие болды. Қыздар бөлімі бойынша №277 мектептің мұғалімі Жанар Абдразакова жылдың үздігі атанып, қолөнер шебері деп танылды. Ал І орынға №85 мектептен Жанар Төлегенова жайғасса, жүлделі ІІ орынды №99 мектептен Лаззат Пушпакбаева еншіледі. Ал ІІІ орынмен №105 мектептен Айман Агусова марапатталды.

Өнер мен өмірді сабақтастырып, өрелі білім беріп, өскелең ұрпақты өрге жүздіруге ниетті ұстаздардың бұл байқаудан алары мол. Сондықтан, дәстүрлі іс-шара  алдағы уақытта да  жалғасын таба бермек.

 

Тағы да оқыңыз: