Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттерінің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Дегенмен тәрбиесі мол «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды.

Сонымен қатар, қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру. Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады? Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасаған, сөйтіп ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығады. Ал енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүргендерін қадағаламауынан пайда болады.

Осыған байланысты жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру – жан-жақты тәрбиенің маңызды бір саласындағы жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі болып табылуы мақсатында Жосалы кентіндегі Ү.Томанов атындағы №183 орта мектебінің 8-11 сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді. Кездесуге аудандық полиция бөлімінің ардагері, ауданымыздың ардагер ұстазы, ата-аналар кеңесінің төрағасы және бөлімнің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы қатысты.

Тағы да оқыңыз: