Kyzylorda-news.kz  Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында әкім кубогы үшін «Жаңа күн – жаңа Қазақстан» тақырыбындағы аудандық пікірсайыс турнирі өткізілді. 

Оқушылар арасындағы пікірсайыстың негізгі мақсаты – білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау, аудандық пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау, пікірсайысшылардың өзара ынтымақтастығын қалыптастыруға бағытталды. Тартысты өткізілген дебат турнирінің нәтижесінде: 1-орынды №121 мектеп «Фаворит» фракциясы иеленсе, 2-орынға №250 мектеп-лицейі «Жақсы пікір» фракциясы жайғасты. Ал эжүлделі 3-орынды №85 мектеп «Азимат» фракциясы еншіледі. Сонымен қатар, «Үздік фракция» номинациясын Шоқан Уәлиханов атындлағы №26 орта мектеп, «Үздік спикер» номинациясы Зарина Исақай иеленді. №27 мектептің оқушысы Диля Мирамбекқызы «Үздік оратор» номинациясы алса, №277 мектеп-лицейі «Дебаттық креатив» номинациясы, №113 мектеп «Дебат болашағы» номинациясын № 79 мектеп-лицейі иеленді.

Пікірсайыс соңында Қармақшы аудандық Жастар ресурсық орталығының директоры Нұржұман Пірназаров жеңімпаз атанған оқушыларға аудан әкімінің арнайы кубогын табыстап, бағалы сыйлықтар берді. 
 

Тағы да оқыңыз: