Kyzylorda-news.kz  Қоғамымыздың қазiргi даму кезеңi бiлiм беру жүйеciнiң алдына оқыту процеciн технологияландыру, оқытудың әртүрлi технологияларын   бiлiм беру практикаcына енгiзiлуде. Жаңа технологияларды игеру мұғалiмнiң зияткерлiк, кәciби, адамгершiлiк, рухани, азаматтық және баcқа да адами қаcиеттерiнiң қалыптаcуына жағымды әcер етедi. Ұстаздар дәрежесін көтеру мақсатында еңбекақы көтеріліп жатыр, демек ұстаздарға артылатын үміт те, жауапкершілік те жоғары десек, Қармақшы ауданының білім саласы талап деңгейінде  біршама  жұмыстар атқаруда.

– Ауданымызда бүгінгі күні 47 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Оның 25 мемлекеттік, 21 жеке меншік, 1 шағын орталық. Аудан бойынша 2-6 жас аралығындағы 3838 бала 87 пайызды құраса, 3-6 жас аралығында 3036 бала 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамтылған, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиева. 

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда барлығы 398 педагог қызмет атқарады. Оның жоғары білімдісі – 316, 82 – арнаулы орта білімді. Педагогтардың 343-і яғни 86,0 пайызы тиісті мамандығы бойынша қамтылған. Балабақшаларда балалар театры, жасыл балабақша, балалар кітапханасы жобаларының жұмыстары қолға алынуда.2023 жылы Жосалы кентінен 45 орынға «Айару-2», Төретам кентінен 50 орынға «Зергек» жеке балабақшалармен және Байқоңыр қаласынан «Ғарышкер» жеке балабақшасына қосымша 2 топқа 45 орынға толықтырылса, алдағы күндерде Ресей федерациясынан алынған  екі балабақша  ғимаратынан 240 орынды №25 мемлекеттік бөбекжай бақшасы, 120 орынға «Елік-ай» жеке балабақшасын ашу жоспарлануда. Сонымен қатар, Жосалы кентінде орналасқан «Әсия Ана»,  «Айлин», «Аңсар балапан» жеке балабақшаларынан 200 орын ашуға сұраныс берілуде. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда барлығы 564 (мемлекеттік – 406, жеке – 158)  педагог қызмет атқарады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында біліктілік санаты бойынша 1-зерттеуші, 48-сарапшы, 179-модератор яғни, педагогтардың 56,2 пайызының кәсіби біліктілік санаты бар.

– Өткен жылғы ерекшелік облыстық бюджеттен 9 483 400 теңгеге, оның ішінде   балабашаларға 5759400 теңгеге 1609 дана,  мектепалды даярлық сыныптарына  3724000 теңгеге 643 дана көркем әдебиеттер, әдістемелік құралдар алынды. «Shugylakitap» баспасының демеушілігімен 1802000 теңгеге  901 дана көркем әдебиеттер  мен әдістемелік құралдар алынды, – деді аудандық білім бөлімінің басшысы.

Балабақшаларда балалардың қызығушылығы мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, №19 «Балдәурен» бөбекжай-бақшасында «Жасыл балабақша» жобасы, №22 «Гаухартас» бөбекжай-бақшасында «Театр» жобасы қолға алынып, жұмыс жасалынуда. Сонымен қатар, №23 «Балдырған» бөбекжай-бақшасында балалардың танымдық-зияткерлік дағдысын арттыруға арналған ойын құралдарының кешені  350 мың теңгеге демеушілікпен алынды.

Мектепке дейінгі ұйым педагогтары арасында кәсіби шеберлік байқауларынан республика көлемінде – 4, облыс көлемінде – 11 жеңімпаз бар.  Сондай ақ,  мектепке дейінгі ұйымдардың  іс тәжірибелері облыс көлемінде – 6, аудан көлемінде –  9 рет  таратылды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы   27 тамыздағы №381 бұйрығына сәйкес барлық мектепке дейінгі ұйымдарға 1 ай бұрын ескертпе хаттары таратылып,  мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында анықталған кемшіліктер аудандық білім  ұйымдары алқасында қаралып, кемшіліктер мен ескертпелерді жоюға тапсырылды.

Сондай-ақ Қармақшы ауданында жалпы білім беретін 30 мектеп, 2 мектептен тыс мекеме, 1 кешкі мектеп жұмыс жасайды. Аталған мектептерде өткен жылы 15218 оқушы   мектеп партасына отырды.

 Аудандағы 2221 педагогтың жоғары білімдісі 2113 (95,1%), арнаулы кәсіптік орта білімді 108 (4,9%). Педагогтардың кәсіби санаттағы сапалық құрамына келсек; жалпы санынан кәсіби біліктілік санаты бар  педагогтардың үлесі  2022 жылы 76,0 пайызды құраса, ағымдағы жылы  біліктілік сапасы 77,2  пайызды құрайды. (1 шебер- педагог (0,05%), 366 педагог зерттеуші (16,5%), 746 педагог сарапшы (33,6%), 568 педагог-модератор (25,6%), жоғары санатты 3 (0,1%) педагог, І санатты  8 педагог (0,4%), ІІ санатты 17 (0,8%), санатсыз 512 (23,0%) педагог қызмет жасайды).

2022 жылы  674 педагог қызметкерлер өз пәндері және басшылық  лауазымы бойынша курстан өтсе, 2023 жылы780 педагог кезектібіліктілік арттыру өтті.2023 жылы сапаны бақылау және қамтамасыз ету департаментінің жоспарына сәйкес 9 мектеп біліктілік талаптарына сәйкес деп мекеме аттестаттауынан өтті. Аттестаттау барысында кешенді тестілеу кезінде оқушысы шекті деңгейден өте алмаған, мектепте спорт зал, асхана, медпункт жоқ деп аталған немесе білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келмейтіндігі жайлы кемшіліктер аталған жоқ. Сапаны бақылау және қамтамасыз ету департаментінің ұсынысына сәйкес заңдылық негізінде Ақай ауылындағы кешкі мектеп  пен Диірментөбе елді мекеніндегі бастауыш сынып бөлімшелері жабылды.  Алдағы жылға Қорқыт елді мекеніндегі бөлімшені заңдастыру жоспарлануда.

– Барлық білім беру ұйымдары үшін үлгілік оқу жоспарына сәйкес сағат жүктемесі педагогтарға бөлініп бекітілген. Аудан педагогтарының оқу жүктемесіне келсек ағымдағы жылы  педагогтардың 45 пайызы (1003) 16 сағат және 16 сағаттан жоғары, 51 пайызы (1133)  9-16 сағат жүктемемен, 1 пайызпедагог (19) 8 сағатқа дейін жүктемемен жұмыс жасайды. Мектеп басшылары мен олардың орынбасарларының сағат жүктемесін зерделесек 1 мектеп директорында сағат жоқ, 11 мектеп директорында 3-8 сағат аралығында, 17 мектеп директорында 8 сағаттық жүктеме бар. 138 оқу орынбасарларының  28-і 0-8 сағатқа дейін,110 орынбасардың  8 сағат жүктемесі бар. Қармақшы ауданы бойынша  басшы менеджер санатына1 мектеп директоры, басшы ұйымдастырушы санатына 13 мектеп директоры, 2 балабақша меңгерушісі өткен. «Білім ұйымын басқарудағы тиімді менеджменті» біліктілігін арттыру  курсынан 29 мектеп директоры, 20 балабақша меңгерушілері өткен, – деді Гүлзира Мәжитқызы. 

2022-2023 оқу жылында мектептердің сұраныстарына  орай, барлығы 55606 дана оқулыққа  112 млн 590 мың теңге қаржы бөлінді. «Мектеп жасындағы балалардың оқуына ұсынылатын көркем әдебиеттердің  максималды көлемінің тізбесін бекіту туралы»   бұйрығы негізінде максималды тізбедегі 1000 шығарма көркем әдебиеттерді сатып алынса, 2023-2024 оқу жылында  Қармақшы ауданы бойынша  оқулықтар мен оқу әдістемелік құрал сатып алуға 148 559,0 мың  тенге қаржы бөлінді. Оқулықтар бойынша 1-11 сыныптарға барлық білім беру ұйымдарынан келіп түскен сұраныстарына сәйкес 29053 дана оқулық, 17437 дана көркем әдебиет, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 2737 дана оқу әдістемелік құралдары  алынып оқушылар 100 пайыз оқулықпен қамтамасыз  етілді.

Қармақшы ауданы бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  мектеп кітапханаларына 4104 дана  көркем әдебиет сатып алынып, қазіргі таңда  87497 дана  көркем әдебиетке толықтырылды.
Кітапханалар жұмысын  оңтайландырумен қатар өскелең ұрпақтың кітап оқу сауаттылығын арттыру бойынша көркем әдебиеттің электронды базасын жасау және сандық технологияларды дамыту көзделген. Ал оқушылардың  кітап оқуға қызығушылығын ояту үшін  мектеп кітапханаларында 30 білім беру ұйымдарында «Coworking» орталықтары  ашылды. «QaznaLibrary» автоматтандырылған кітапхана жүйесі барлық  кітапханаларға  орнатылып жұмыс жасауда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасын  жүзеге асыру аясында «Оқуға құштар мектеп» жобасы  қолға алынды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  мектеп кітапханаларына 2020 жылдың желтоқсан айынан бүгінгі күнге дейін  4104 дана  көркем әдебиет сатып алынды. Қазіргі таңда «Оқуға құштар мектеп» жоба аясында  аудан бойынша  27 % -ды құраса, алдағы  уақытта  30 пайыз көркем әдебиет алу жоспарлануда.  Ауданда жалпы кітап қоры 533 775 дана, оның ішінде мектеп оқулығы 415 276 дана, көркем әдебиет 87 497, әдістемелік кітаптар 23 421 дана, электронды оқулықтар 4840 дана. Қордың өсуі 54753 дана. Оқушыларымыз кітап оқушылар арасындағы зияткерлік облыстық конкурстар, “Оқырмандық  қызығушылық: “Сыныптан тыс оқуды дамытудың заманауи цифрлық ресурстары” онлайн буктрейлер  байқауларына, “Кел балалар оқылық!” және “Мәртебелі ұстаз-ел мерейі” облыстық әлеуметтік бейнеролик байқауларына қатысып облыстық, республикалық марапаттарды иеленуде.Мектеп кітапханашылары арасында “Кітапқа құмар баланы тәрбиелеудегі мектеп кітапханасының заманауи әдіс-тәсілдері”тақырыбындағы облыстық семинар 06 мамыр 2022 жылы №269 мектептің базасында өткізіліп,«өте жоғары»деп бағаланды.        

Тұлғаны жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқыту мақсатында тәрбие саласында да біршама жұмыстар  атқарылуда. 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында мынадай жобалар іске асырылды:  «Мектептің өзін-өзі басқаруы, «Дебат» қозғалысы;  «Оқуға құштар мектеп»,  «Отбасы – мектеп»;  «Құқықтық сана – қауымға пана», «Дәстүр мен ғұрып»,  «Еңбек – елдің мұраты»,  «Үнем – қоғам қуаты»,  «Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет»  «Қоғамға қызмет»,  «Музей сабақтары», «Театр сабақтары» жобасы. Білім беру ұйымдарында аталған негізгі жобалар  іске асырылуда. Жалпы дебат клубына 754 оқушы тартылса, «Өзін-өзі басқару» мектеп парламенті 8 фракция бойынша құрамдар жасақталса, «Мектеп театры» жобасына 435 оқушы қамтылған.

«Дебат ұшқыр ой алаңы» жобасы бойынша облыстан 2-рет ұйымдастырылған турнирдан  №277 мектептен «Жұлдызды қала жастары» фракциясы қазақ лигасы бойынша І орын – 1, орыс лигасы бойынша 1 орын – 2 рет, ағылшын лигасы бойынша І орын  иеленді. 1 наурыз күні республикалық турнирге қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

Оқу үдерісін сапалы ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында жылма-жыл жаңа модификациялы пән кабинеттерімен толықтырылуда. 2021 жылы жаңа модификациялы 6 пән кабинеті және 9 мектепке инклюзив кабинеттері алынса, 2022 жылы 7 пән кабинеттері мен 12 мектепке инлюзив кабинеттері құрылғыларымен қамтамасыз етілсе,2023 жылы 7 пән кабинеттерімен толықтырылды. Мектептердің материалдық базасы жаңартуға   65 млн 386,0 мың теңге қаржы қаралды. №250, 269 мектептерге 7 млн 200,0 мың теңгеге 2 робототехника кабинеті демеушілік қорымен берілді.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін инклюзивті ортаны дамыту, қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру бағытында білім беру ұйымдарында, педагогикалық-психологиялық түзету кабинеттерінде тиісті жұмыстар атқарылуда. 2023-2024 оқу жылында 435 ерекше білім беруді қажет ететін балалар анықталып отыр.

Олардың ішінде 141 бала мектепте, 67 бала арнайы психикалық дамуы тежелген сыныпта, 132 бала үйден оқытылса, мектепке дейінгі білім беру мекемесіне қамтылған бала саны-11, әлеуметтік қызметпен қамтылған бала саны- 41, ППТК- де 43 бала қамтылған. Ауданда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК), №30, №80, №269,№279 мектептерде психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы сынып, №183 орта мектеп жанынан ресурстық орталық және Байқоңыр қаласында №272, №99 орта мектептерде аутизм кабинеттері ашылып, инклюзивті ортаны қалыптастыру бағытында 29 мектепте (96,7 %)арнайы мамандармен қамтылған. №269, №272, №85, №279, №277, №183, №26, №99 мектептерде 27 педагог ассистент мамандары алынып, )оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуына үлестерін қосуда.

Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету  мәселесі басты назарда болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен күшейтілген режимде аудандық полиция бөлімшесімен бірлескен шараларды жүзеге асырудамыз. Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген білім беру объектілерін қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бойынша  26 мектепте бейнебақылау камерасы полиция бөлімдеріне қосылған. Жалпы 23 білім беру ұйымында дабыл түймесі орнатылған.Қалған 4 білім беру ұйымдарында жаңа талапқа сәйкестендіру бойынша облыстан қаржы сұралып бейнебақылау камералармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. (№79, 111, 185, 186). Турникет  100 пайыз, дабыл түймесі   23  білім беру ұйымдарында орнатылған.  

 Білім беру ұйымдарында қажетті мамандандырылған күзет бойынша жұмыстар жүргізілді. №117 бұйрығы бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және персоналдың нақты саны 700 адамнан асатын яғни үшінші топтағы білім беру объектілер 10 мектеп, 1 қосымша білім беру ұйымына қаржы қарастырылып жұмыстар атқарылды. (№26,80,121,250,272,273,274,275,277,279, Оқушылар үйі).  Аталған мектептерде 31-ші тамыздан бастап мамандандырылған күзет өз қызметін бастады.

2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңіне 42 оқушы  қатысты.  Облыстық кезеңде барлығы-20 оқушы жүлделі орынмен, 5 оқушы алғыс хатпен марапатталды. Республикаға жолдама алған 7 оқушының 3-і   жүлдегер болды.2023 жылы 654 оқушы аудандық олимпиадаға қатысып 44 оқушы облыстық олимпиадаға қатысып 19 оқушы жүлдегер атанса, 2024 жылы  46 оқушымыз облыстық олимпиадаға қатысып 22 оқушы арнайы жүлделермен, 6 оқушы алғыс хаттармен марапаталды.

Білім беру үдерісінің нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның қалыптасуы мен даму болашағының қажеттілігінанықтау мен бағалаудың бір  нысаны ұлттық бірыңғай тестілеу. 2022 жылы 594 мектеп бітірушінің 538 (90,6%) қатысып орташасы 80,2 балл болды. Бітірушілердің 585-і жоғары және арнаулы оқу орындарына түсіп 98,5 пайыз орналасу көрсеткішін берді. 30 бітіруші «Алтын белгі», 42 бітіруші «Үздік аттестат» иеленді. Алтын белгі иегерлері 100 пайыз грант иегері болса,2023 жылы Қармақшы ауданы бойынша жалпы  білім беретін  мектептер  бойынша  барлық 655 оқушының 581-і ҰБТ-ке (89%)  қатыстырылып, ауданның орташа балы 84,7 балл болды.  131 оқушы 100-дан жоғары  балл жинады. 40 бітіруші «Алтын белгі»   иегері, 68 бітіруші үздік аттестат иеленді.Барлық алтын белгі мен үздік аттестат иегерлері 100  пайыз мемлекеттік грант иегері атанды.Аудан бойынша 521 оқушы жоғары оқу орны үшін конкурсқа қатысып 482-і  (92,5%) мемлекеттік грант иеленді.

«Әлеуметтік осал отбасыларынан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды және барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге» байланысты  аудан бойынша 1- 4 сыныпта оқитын  6398  оқушы және әлеуметтік көмек қажет ететін отбасыларынан шыққан 1952 баланы қосқанда жалпы 8350 оқушы мемлекет тарапынан қаржыландырылып бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылып отыр.  

Қармақшы  ауданы бойынша білім бөлімінің «Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы» есебіндегі 28 оқушының 1-і патронаттық, 27-сі қорғаншылық және қамқоршылық тәрбиесіндегі балалар.

 «Мектепке жол» акциясында 5 санат бойынша 3812 баланың өтініші  тіркеліп, оның 3812 баласына  40567 теңгеден  қаржы аударылды.  «Мектепке жол» акциясы бойынша кәсіподақ тарапынан 100 білім қызметкерлерінің балаларына 1 540,0 мың тг бөлініп оқу құралдары алынып берілсе барлығы тамыз, қыркүйек айларында 506 балаға 7 450,0 мың теңгенің  көмегі ұйымдастырылды.

Мектеп оқушыларының мектептен үйге және үйден мектепке тасымалдау стандарты бойынша Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты   №183, 250, 80, 269, 279, 284, 85  мектептерде үйден мектепке және мектептен үйге дейінгі оқушы тасымалы ұйымдастырылған. 2023 жылы облыс әкімінің қолдауымен Жосалы кент орталығындағы №183, 250 және Ақай ауылындағы №279, Төретам кентіндегі №269 орта мектептерге арнайы оқушы тасымалына арналған жаңа автобустар берілді. Жосалы кентіндегі №183,250,284 мектептерде 298 оқушы тасымалданса, Ақай ауылы мен Төретам кентіндегі мектептерде940 бала тасымалданады. Автокөліктерді жаңалауды қажет ететін мектептер үшін қосалқы бөлшектер алуға қосымша қаржылар үшін бюджеттік өтінімдер әзірленді. №85 орта мектепте ата аналардың өтініші негізінде ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап жалдамалы түрде келісім шарт  негізінде тасымал жүргізілуде. Сонымен қатар мектеп автобус жүргізушілерінің   еңбек өтілі мен құжаттарының сәйкестігі, жол ережелерін қатаң сақтауы бақылауға алынған. Білім беру мекемелерінде жауапты орынбасар бекітілген.  Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қалыптастыру, жастардың бос уақытын ұтымды пайдалана отырып спорттық, патриоттық, мәдениетті тануға, салауатты өмір салтына баулу мақсатында іс-шара жасалып, жұмыстар жүргізілуде. 29 мектептен 185 спорттық секциялар жұмыс жасайды, оған 5260 оқушы мектептердегі басқа қызығушылық танытатын үйірмелерге 3480 оқушы қатысады. Жалпы аудан бойынша білім бөліміне қарасты оқушылар үйіндегі 29 үйірмеге 1130, өнер мектебіндегі 18 үйірмеге 383, мәдениет үйінің жанындағы үйірмелерге 1100, мүмкіндігі жектеулі балаларға арналған секцияларға 24, №15 Қармақшы ауданының олимпиадалық резервтің мамандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіндегі 32 секцияға 1104, №16 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 21 спорттық секциясына 780, аудандық ФОК спорт клубындағы 17 секцияға 208, «Орда» әскери-патриоттық клубындағы 34 нұсқаушыға 2800 оқушы спорттық үйірмелерге тартылған. Байқоңыр қаласындағы мектептер Ресей мемлекетінің қала әкімшілігіне  қарасты әр түрлі спорттық секциялар мен үйірмелерге барлығы 2262 оқушы қатысады.

Оқу мен тәрбие егіз ұғым десек біліммен қатар бала тәрбиесі, ата-анамен жұмыстар шет қалған емес. Ел Президентінің тапсырмасымен Оқу-ағарту министрлігі «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» әзірлеген болатын. 19 қыркүйектегі №294 бекітілген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу  мақсатында мектептердегі тәрбие жұмыстары үш бағыт – «Ұлттық мүдде», «Ар-ұят», «Талап» құндылықтары бойынша жүзеге асырылып жатыр. «Төрт тоқсанға-төрт өнер» жобасы,  «Тоғыз айға тоғыз іс шара» жобасы,  Өзін –өзі басқару мектеп парламент жұмысы,  «Ұшқыр ой алаңы» дебат ойыны, «Театр-мектеп» жобасы, «Оқуға құштар» жобасы, «Балалар кітапханасы», «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Мектеп лигасы», «Еңбегі адал жас өрен т.б. жобалар аясында ақындар айтысы, кездесулер, кештер, челлендждер, тәрбие сағаттары, тренинг сабақтар, конференциялар ұйымдастырылуда. Жүргізілген жұмыстардың   мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу, ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу, ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдықпен мемлекетшілдікке тәрбиелеу, жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы 30 мектепте құрылды. Орта білім беру ұйымдарындағы балаларды тәрбиелеу мен дамыту жөніндегі ата-аналарға педагогикалық қолдау бойынша  әдістемелік ұсынымдар таныстырылды. Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы бойынша түсіндірме шаралары жүргізілуде. Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады. Ата-аналарды қолдау орталығына кабинет ашылған мектептер: №26, №279.№272, №269. №284, №85,№183,№199, №250.№111, №113, №79.№107. Осы орайда аудан көлемінде түрлі семинарлар өткізілуде. Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінде қараша айында  «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени - ағартушылық жобасы және «Тоғыз айға- тоғыз іс-шара" жобасын жүзеге асыру бағытында «Асық-үлкен халықтық тәрбие » тақырыбында облыстық семинар болып өтті. Семинар барысында бағдарламаға сәйкес «Асық – асыл қазына», Асық – қазақ халқының ұлттық ойыны және ұлттық ойын түрлерінен жбалар қорғау, тәрбие сағаттары көрсетілді.  Іс-шара «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» кабинетіндегі ұлттық тәрбиені насихаттайтын, отбасы құндылықтарын дәріптейтін көрініс және тәрбиелік шарамен жалғасын тапты. Мектеп спортзалында әжелер,аталар,ағалар , жеңелер асық,ләңгі тебу,бес асық ұлттық спорттық ойын түрлерінен бақ сынасты. 

Барлық білім беру ұйымдарында  «Балалар кітапханасы», «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Мектеп лигасы», «Еңбегі адал жас өрен»  жобалары жоспарлы жүзеге асырылып  жүзден астам іс-шаралар өткізілуде. Жоба жұмыстары, оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамытып, ата-ана мен мектеп арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуда. Тәрбие жұмысында  әрбір оқушының өзін-өзі басқару, патриоттық, Отанды танудан бастап, айналаға деген және азаматтық тұлғалық ұстанымын  қалыптастыруда мектептерде оқушыларымызды кітап оқу,  бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруда   түрлі шараларға тартылуда Нәтижесінде “Төрт тоқсан-төрт өнер” жобасы аясында “Жаңа күн-Жаңа Қазақстан” облыстық ақындар айтысынан №85 мектеп оқушысы Жалғасбаев Еркебұлан ІІ орын иеленді. №277 мектеп-лицейінің оқушылары Ибашқызы Ақерке мен Байқуатова Сымбат Республикалық пікірсайыс турнирінде ағылшын лигасы бойынша жүлделі ІІ орын жеңіп алып, 150000 теңге сертификатын иемденді. Облыстық «Көк тудың желбіргені» тақырыбындағы облыстық дебат ойынынан №250мектеп –лицейдің орыс, қазақ лигалары ІІІ орынға ие болды.«Қозғалыстың жас инспекторлары жасақтарының  облыстық байқауына №277 мектеп—лицейінің «Сергек» жасағы І орын иеленді.

«Жаңа Қазақстан – болашаққа жаңа қадам» тақырыбындағы  облыстық дебат №284 мамандандырылған мектеп –лицей- интернатында ұйымдастырылып,  №27, №107 мектеп директорлары ІІІ орынға ие болды. «Облыс әкімінің кубогі» үшін жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында "ЖАҢА КҮН – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН" тақырыбындағы пікірсайыс турнирінде облыстық турнирге 12 фракция қатысып, Қармақшы ауданы финалға жолдама алды. Финалдық кезеңнен Қармақшы ауданы  «Қорқыт елі» фракциясы №121 мектептің оқушысы Базарбекқызы Ақторғын және №279 мектеп-лицейінің оқушысы Абдразаков Нұржан микс команда болып Облыс әкімінің кубогын иеленді. «Балалар және театр»жобасы бойынша  облыстан «Атаулы күндер,айтулы тұлғалар» тақырыбындағы TED TALKS алаңында «ҰЛТТЫҢ ҰЛЫЛАРЫ:ҚҰНАНБАЙ МЕН АБАЙ» қойылымын сахналап, №250 мектеп-лицейдің «Самға» театры жүлделі 1-орын иеленді. Ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісінде тиімді қолдану, өзара әріптестік көпір арқылы ынтымақтастыққа қол жеткізу мақсатында Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейінде  26 ақпан күні «Біртұтас тәрбие – жалпыадамзаттық, ұлттық  құндылықтар негізі» айдарымен ұлттық құндылықтарды насихаттау, тәжірибе алмасу мақсатында облыстық әдістемелік көпір өткізілді. Құндылықтарға негізделген кіріктірілген ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары, құқық қорғау саласының мамандарымен жүргізілген шара, педагог-психологтармен, мұғалімдермен, ата-аналармен өтілген жұмыстар,  мектептің «Шуақ» театрының «Аладдин» және «Абай» мюзиклдары облыстың тәрбие мамандары мен психологтарының  жоғары бағасына ие болды. 4 бөлімнен тұратын әдістемелік көпір 17 жұмыстың біртұтастыққа бағытталуы – әдістемелік көпірдің мақсатын айқындап, көрерменнің оң пікірін туғызды.

2024 жылы 29 ақпан күні  Е.Көшербаев атындағы №279 мектеп-лицейінде «Құқық бұзушылықтың алдын алу- баршаға ортақ міндет» тақырыбындағы  облыстық семинары болып өтті. Тәрбиеге негізделген  оқушылардың қойылымымен ұйымдастырылған көрме жұмысын, сонымен қатар  ғылым, техника, өнер саласындағы жұмыстары қойылып  таныстырылды. Семинарда  кездесу, психологиялық сағат, биология, химия пәндерімен интеграцияланған тәрбие сағаты, дөңгелек үстел, дебат жұмысы, музей сағаты, ұлттық спорт сайысы, танымдық сабақтармен қатар ток шоу, сахналық қойылым көрсетілді. «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында «Заңды біл, жеткіншек!» тақырыбында кездесу,   «Әр нәрсенің өз өлшемі бар» тақырыбында психологиялық сағат, «Аулақ бол жаман әдеттен!» тақырыбында  биология, химия пәнімен интеграцияланған тәрбие сағаты,  әкенің бала тәрбиесіндегі маңыздылығын ұғындыру мақсатында  «Тағылым» әкелер клубының төрағасы Д.Итигуловтың «Қазақ отбасындағы әкенің орны: Кеше.Бүгін»тақырыбындағы пікірталасы,   балалар кітапханасы жобасы аясында  «Бар қазына кітапта, ізденсең» тақырыбындағы оқырмандар танымдық сабағы,  мектеп мұражайында  «Мұражай - тарих айнасы»  тақырыбындағы музей сағаты,  «Ұлттық мектеп лига»  жобасы бойынша  «Бауырлар додасы»  ұлттық спорттық сайыс,«Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қыз»тақырыбындағы   тәрбие сағаты,    «Құқықтық сауаттылық- заман талабы» тақырыбында дебат жұмысы,  тәрбие мамандарының бірлескен «Игілікті іс жасау- ізеттіліктің белгісі» тақырыбындағы ток шоуы жоғары деңгейде өткізілді. Семинар соңы «Ғибрат» театр мүшелерінің  «Бақытты отбасы – жарқын болашақ кепілі» сахналық қойылымымен аяқталып, қатысушылардың кері байланысына, ұсыныс-пікірлеріне ұласты. «Төрт тоқсан, төрт өнер» жобасы бойынша  15 наурыз күні №272 мектепте «Ұлттық өнер- ұлылығымыздың белгісі» тақырыбында  облыстық семинар өтіледі.

  Тик-Ток әлеуметтік желісіне жүктелген «Бес асық» үйірмесінің мүшесі №107 орта мектептің 6-сынып оқушысы Жаңабай Мәриямның бес асық ойнаған видеосы 34 миллион қаралым жинап, көрермен қызығушылығын тәнті етті. Әлеуметтік желіге жүктелген видеоны көрген «Еуразия» телеарнасының «Көреміз» бағдарламасы ұстазы Шерхан мен шәкірті Мәриямды көп қаралым жинаған желі қолданушысы ретінде хабарға түсіруге арнайы шақырды. Телеарнаның кезекті түсіріліміне арнайы шақырту алған ұстаз бен шәкірті  Алматы қаласындағы "Еуразия" телеарнасының "Көреміз" бағдарламасына қатысып, сұхбат берді. Сондай-ақ, аудандық «Қармақшы таңы» газеті, ақпараттық агенттік сайттары мен облыстық «Inbusiness.kz» баспасының тілшілері «Бес асық» үйірмесі жайлы мектеп директоры мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарынан арнайы сұхбат алып, мақала жариялады.  №107 орта мектебінде «Денсаулық әлемі»  жоба аясында жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу, асық ату мен бес асық ойынын жандандырып, жоғары деңгейде оқушылардың ұлттық ойынға деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатында  жұмыстары жүргізіліп келеді.

 Зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізілуде.  «Біз есірткісіз өмірді қалаймыз» облыстық дабыл қағушылар сайысынан  №277 мектеп-лицей І орын, №279 мектеп-лицей ІІ орын, №99, №199, №279, №269, №183.№85, №186 мектептер ІІІ орынмен, “Өмір сүргім келеді” облыстық бейнеролик сайысынан  І орын №108, ІІ орын №26, ІІІ орын №85, «Есірткісіз өмір ғажайып» облыстық граффити сайысынан І орын №279 мектеп лицей   Мұқан Ақгүл, Орақов Абай, ІІ орын №183 мектеп Идирисқызы Сақыпжамал, Әнурбекова Ақжанат, ІІ орын №28 мектеп Бейбіт Диана,  Қанағат Зухра, ІІІ орын Теңізбаев Мадияр, Өтебай Нұрай, ІІІ орын №85 мектеп Көбенова Ұлжан,Ұзақова Гүлзат, ІІІ орын №26 мектеп Ұланқызы Жасмин Көптілеу Айару иеленді. «Жастар есірткіге қарсы»  облыстық флешмоб сайысыан І орын №26 мектеп иеленді. Қаңтар айында  баннерлер сайысынан №269 мектеп І орын, №30 мектеп ІІ орын, №183,№85,№273  мектептер алғыс хат,  акциядан №30 мектеп І орын, №269,  №108, №272  мектептер ІІ орын, №273, 279 мектептер ІІІ орын, ақпан айында «Жастар есірткіге қарсы»черлидинг байқауынан  №273  І орын, №30  ІІ орын, алғыс хат №85,№279,№79,№274, «Біз есірткіге қарсымыз» акцияда №27 мектеп ІІ орын,№183, №199,№269, №279  мектептер ІІІ орын, «Есірткі зұлым» челлендж бойынша №26 мектеп ІІ орын, №79 мектеп ІІІ орын иеленді.

Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен  жасөспірімдер ұйымының Ресей федерациясының «Сириус» федералды аумағында өтілген «Дүниежүзілік  жастар фествалі – 2024» іс шарасына  №30 мектептің тәлімгері  Мұратбекова Перизат қатысып келді. Қазақстан Республикасы мектептерінде өзін-өзі басқару көшбасшыларының Республикалық слетіне №273 мектептің 10 сынып оқушысы Балтабаева Қарақат Мыңтұрғанқызы 5 сәуірде қатыспақ. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы ұлттық рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру, сезімін ояту біздің басты мақсатымыз. Яғни, бірлескен жұмыстың нәтижесі болмақ. Ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді сақтау дегеніміз  ұлттық сананы сақтау. Тәрбие – бұл көпжақты, үздіксіз, қоғамдық құбылыс. Сондықтан болашақ ұрпақ тәрбиесіне біртұтас ел болып ат салысу басты парыз саналады.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: