Kyzylorda-news.kz  Тағы да бір оқу жылын артқа тастадық. Десе де мектеп түлектері алдағы ҰБТ сынағын тапсыруға дайындық үстінде. Иә, он бір жыл мектепте үздік оқып, ата-ана мен ұстаздарының қуанышы болған мектеп бітіруші түлектер  ауданның  ғана емес, еліміздің мақтанышы. Олардың болашағынан ел-жұрты үлкен үміт күтеді.

 Биылғы жылы Қармақшы аудан бойынша  барлығы 15218 оқушы білім алып шықты. Оның ішінде 685 оқушы жалпы білім беретін орта мектепті бітіреді. Осы түлектердің 94,7 пайызы, яғни 649 бітіруші Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, білім беру ұйымдары бойынша  биылғы жылдың ерекшелігі 54 мектеп бітіруші «Алтын белгіге», 67 бітіруші «Үздік аттестатқа» үміткер ретінде ұсынылды.

  Айта кетейік, Қармақшы ауданда №121 мектептің бітіруші түлегі Мақсат Қуанышбек ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы нәтижесінен-ақ ұстаздарының берген білімі мен тыңғылықты дайындығының арқасында 140 балдың 136 ұпайын жинап, аудан мерейін асқақтатып жатыр. Ол өзі қалаған Алматы қаласындағы «Алматы КБТУ ҚАЗАҚ Британ» университетіне «Ақпараттық технология» мамандығы бойынша түсу мүмкіндігіне ие болып отыр.

 

Тағы да оқыңыз: