Kyzylorda-news.kz.  Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 208 қарапайым мұғалім, енді ешбір конкурстық рәсімдерсіз мектеп басшылығына тағайындалады, деп хабарлады 24KZ.

 Негізгі нәтижелерді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың өзі қадағалайды. Себебі олар бірнеше кезеңнен тұратын «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасын сәтті аяқтағандар. 

Үздіктер 8 мың маманның арасынан топ жарып, ұзақ мерзімді жоба аясында, заманауи тенденциямен білім алған. Жауаптылардың айтуынша, мұндай  тәжірибе Нидерланд, Ұлыбритания, Германия, АҚШ-та бар. Сондықтан білім саласындағы әлемдік сарапшылармен кеңесіп, елімізде осындай ұзақ мерзімді жоба ашқан. Шілдеден басталған іріктеудің нәтижесі бүгін елордада қорытындыланды.

- Бұл оқуға аяқ асты мектепке сұраныс келді. Оқу орынбасарлары бақтарын сынап көруге болады деп. Сондықтан бірінші тестілеуден өттім. Жақсы нәтижемен. Содан кейін 3 кезеңде оқу болды. Әрқайсысында тест болда. Соңында сұбат болды,  деді мұғалім Анар Кенжебаева. 

  Бұл негізгі біздің жаңа басшылар формациясы. Өйткені бүгінгі күні білім саласында қойылып отырған, жаңа мақсат- міндеттер тұр. Соларды орындауда бүгінгі әлемдік өзгерістерден хабардар, және сол дағдыларды бойына сіңірген үздік басшылардың бағлығын, 5 мыңнан аса үміткерлердің ішінен 208 үміткер дайындалып шықты, - деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев. 

Тағы да оқыңыз: