Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде өткен әрбір шара қаланың мәдениет саласының өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып келеді. Орталық кітапханаға қарасты 21 кітапхана қаладағы білім ошақтарымен тығыз байланыс орнатып, жыл бойы түрлі шаралар ұйымдастырып, кітапханашылар жас ұрпақты кітап оқуға баулу мен қатар руханиятты дәріптеп келеді.
Қалалық кітапхана жыл бойы кең көлемді, тағылымды шараларды өткізеді. Сондықтан болар, жас ұрпақты тәрбиелеуге арналған кітапхананың әрбір шарасы құнды. Атап айтсақ, халық ауыз әдебиетінің бір саласы – мақал-мәтелдерді насихаттау мақсатында №2 балалар кітапханасында «Сөздің көркі – мақал» атты сайыс өтті. Сайыс «Кім жылдам», «Жалғасын тап» атты екі тур бойынша өткізілді. Балалар «Қыран» мен «Ұлан» топтары ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленген мақал-мәтелдерді жатық білетіндіктерін дәлелдеп, сайысқа түсті. Сайыс қортындысы бойынша, екі топ бірдей ұпай жинап, «Достық» жеңді деген тұжырымға келді. Сайысқа қатысқан балаларға кітапхана тарапынан сыйлықтар таратылды.
Сондай-ақ қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №1 кітапханада Қазақтың әз наурыз мерекесіне орай «Наурыз тойы елдің тойы!» атты мерекелік кеш болып өтті. Мерекелік кеште қазақтың салт дәстүр «Тұсау кесер» ырымы көрсетіліп,С.Майқанова атындағы мәдениет үйі жанынан құрылған «Бастаңғы»әжелер ансамбілі өз өнерлерін көрсетті. Шара соңында барлық қонақтарға наурыз көже таратылды.
Қанша жылдар, ғасырлар өтсін жақсы, шоқтығы биік шығарма ешқашанда өз мәртебесін жоғалтпайды. Біздің кітапханамыздың алтын қорында, М.Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасынан бастап, жас оқырмандар жанын жақсылыққа қайрай білген жалынды жазушы Бердібек Соқпақбаевтың,балалық шақтың балауса күндерін бүгінгідей көз алдыңа әкелер тұғыры биік туындыларын алып оқи аласыздар. Осы орайда, А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхананың «Балалар бұрышы» оқырмандары назарына «Жастық шаққа саяхат» атты ретро көрме ұсынып, классик жазушылар шығармаларын кеңінен насихаттады.
Көктем – күллі адамзат үшін сезімнің, шуақтың, яғни махаббаттың символы. Адам көңіліндегі тазалық пен сұлулықтың иесі, армандардың қасиетті киесі – махаббат. Бұл ғажайып сезімді бір сөзбен айтып жеткізу мумкін емес.
Ұлт руханиятындағы теңдесі жоқ ғашықтық жырлармен жастарды сусындату, махаббат деген сезімнің ұлылығын паш ету мақсатында, 15 сәуір ғашықтар күніне орай VIII аудандық «Ғашық көңіл- мәңгі жасыл айдын көл» атты ғашықтық жырларды мәнерлеп оқу байқауы болып өтті.
Ал, қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №7 Қарауылтөбе ауылдық кітапханасында ұлы ақын, сопылық поэзиясының негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ойшыл, діни қайраткер - Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың 930 жылдығына орай «Яссауи мұрасы-халықтың асыл қазынасы» атты ғибрат сағаты өткізілді. Шара барысында Ахмет бабамыздың өміріне шолу жасалып, Арыстанбаб туралы аңыз таныстырылды. Жас оқырман Шамша Ғазиз М.Жұмабаевтың “Түркістан өлеңін өлеңін жатқа оқып, №179 А.Хангелдин атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушылары мен тарих пән мұғалімі Ахметова Гүлмираның жетекшілігімен ән айтып, аңыздар мен хикметтер тыңдалды.
Ақжарма ауылдық №9 кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітаппен бірге өсемін» атты апталықтың екінші күнінде «Ина-Жан» балабақшасының «Балауса» ересектер тобы тәрбиешілерімен бірге кітапханамызға қонаққа келді. Кітапханада ұйымдастырылған саяхаттар балаларға өте ұнайды. Кітапханашы балалардың көңілін бұнда әр түрлі қызықты кітаптарға, оларды үйге алып оқуына болатынына көңіл аударады. Сондай-ақ, балалардың көркем шығармаларды жыртпай, дұрыс ұстау керектігін, өйткені оны басқа балалар да пайдалана алатындай етіп, ұқыптылықпен сақтайтынын атап көрсетті. Сонымен қатар, балалар арасында «Кейіпкерді таны»атты ойын сұрақ ұйымдастырлды. Кішкентай оқырмандарға кітапхана қызметкерлері «Үш аю» ертегісінен қызықты қойылым көрсетті.
Қалалық жүйеге қарасты №13 балалар кітапханасы мен Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп – лицейдің кітапханасы бірлесіп «Аспан әлеміне саяхат» атты зияткерлік ойынды 4 сынып оқушылары қатысуымен өткізді.Шара барысында ғарыш әлемі, ғарышкерлер жайлы қызықты сұрақтар қойылып, жас оқырмандар белсенділігі анықталды. Әсіресе қазақ ғарышкерлері төңірегіндегі сұрақтарға жас оқырмандардың қызығушылығы зор болды.
Сонымен қатар, қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада 1 сәуір – Халықаралық құстар күніне орай «Құстар – табиғат, өмір көркі» атты таным сағаты №197 мектептің 5 сынып оқушыларымен өткізілді. Шараға қатысушы оқырмандарға құстарды мекен ететін жерлеріне қарай орман, дала, балшық, су құстары, ұшатын, ұшпайтын құстар болып бөлінетіні, құстардың 9000-дай түрі бар екендігі туралы деректер беріліп, кітап көрмесі бойынша әдебиеттер таныстырылды. Жас оқырмандарға құстар туралы қызықты сұрақтар қойылып, олардың пікірлері тыңдалды. Қазақ ақындарының құстарға арналған бірнеше өлеңдері оқылып, жұмбақ шешілді. Құстардың табиғатымыздың көркі екендігі, олардың сұлулығы жайлы әңгімелеп, оларды қорғап жүру айтылды.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада 12 сәуір - Бүкіләлемдік авиация мен ғарыш күніне орай «Ғарыш деген ғажайып» атты ақпараттық дайджест №197 мектептің 4 сынып оқушыларымен өткізілді. Жас оқырмандарға ғарыш, алғашқы ғарышқа ұшу, Байқоңыр ғарыш аймағы туралы кітап қорындағы әдебиеттер мен мерзімді баслымдар кеңінен таныстырылып, мағлұматтар айтылды. Қазақстанның ұшқыш ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтер туралы кеңінен әңгімеленді.
Қалалық жүйеге қарасты №13 балалар кітапханасы мен Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп – лицейдің кітапханасы ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салты» атты салауаттану сабағы 5 сынып оқушылары қатысуымен өткізілді. Шараға №4 қалалық емхананың мейірбикесі Тоқмағанбетова Ғалия қатысып, жас оқырмандарға салауатты өмір салты туралы мағлұмат берді. Салауатты өмір салтын, жеке бас гигенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, денсаулығымызды нығайту үшін спорттық жаттығулар жасауға кеңес берілді. Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы – денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.
№9 Ақжарма ауылдық кітапханасында «Кітаппен бірге өсемін» атты апталықты жас бүлдіршіндер қатысуымен өткізу жоспарлануда. Апталықтың бірінші күні «Ина -Жан» балабақшасының «Ақжелкен» мектеп алды даярлық тобы тәрбиешімен бірге кітапханаға келіп саяхат жасады. Кітап әлемінің табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге кітапхана қызметкері ең бірінші кітапхана іші мен «COWORKING» орталығы таныстырылды. Жас бүлдіршіндер өздеріне арналған қызықты әдебиеттермен, ертегі кітаптармен танысты. Кішкентай оқырмандарға кітапханашы ертегі кейіпкерлері, ертегі жайлы түрлі түсті суреттерді көрсету арқылы сұрақтар қойып, «Екі лақ» ертегісін аудио кітаптан тыңдатты. Қызықты шаралар апта бойы жалғасын тауып, балалардың кітапқа деген қызығушылығын тудырары сөзсіз.
2023 жылдың 10 сәуірінде № 16 қалалық кітапханада
«12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай «Ғарышкерлер-жаңа заман батырлары» атты ақпарат сағаты өткізілді. Оқырмандарға алғашқы ғарыш сапары, ғарыш аймағына айналған Байқоңыр, аспан әлеміне ұшқан ғарышкерлер, оның ішінде Қазақстаннан ұшқан үш ғарышкерлеріміз жайлы ақпараттар беілді. Сонымен қатар оқырмандар кітапхана қорында ғарышкерлер жайлы жазылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдармен танысты.
Қалалық жүйеге қарасты №1 кітапхананың оқу залында жауынгер жазушы, қазақтың қас батыры Қасым Қайсеновтың 105 жылдығына орай «Қазақтың қайсар ұлы Қасым батыр» ерлік кеші өткізілді. Жас оқырмандарға халық қаһарманы, партизан жазушы Қасым Қайсеновтың өмір жолы мен қахармандыққа толы ерлік жолы туралы туралы тереңірек айтылды. Батырдың ерлік істерін ұрпаққа үлгі ету, оқушылардың бойында отансүйгіштік, патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатындағы шара барысында «Ерліктің ерен тұлғасы»тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқуға әдебиеттер ұсынылды.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхана Қызылорда оқушылар сарайымен бірлесіп Қалалық музейде «Ақмешіт бекінісінің ақиқаты» атты тарихи кеш өткізді. Қасиетті Сыр өңірінің өткені мен бүгінінен сыр шерткен тарихи кеш барысында жас оқырмандарға екі ғасырлық тарихы бар қала туралы көптеген деректер мен мағлұматтар айтылып, тарихи жәдігерлер таныстырылды. Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Өлкетану» үйірмесінің жетекшісі А.Махамбетова «Ұлы Жібек жолы» желісінің бойында 1818 жылы 10 мыңнан астам қазақтың тұрғызған Ақмешіт бекінісінің, 1901 жылы Перовск арқылы өтетін Орынбор-Ташкент теміржолы құрылысының жүргізілуінің Сыр өңірі тарихының дамуындағы ұлы бастамалар екендігі кеңінен айтты.Үйірме мүшелері А.Жақсылық, А.Нұрлан, Ұ.Қозыбақовалар ақындардың арнау өлеңдерін жатқа оқып, өлкелік әдебиеттер таныстырылды.
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу мақсатында Қызылорда қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты №15 Талсуат ауылдық кітапханасында «Денсаулық – баға жетпес байлық» атты дәрігермен кездесу ұйымдастырылып,ауыл медбикесі қатысты.Оқырмандарға дәрігерлік кеңестермен қатар күн тәртібін сақтау,жуынып, таза жүру, тіс жуу, жаттығу жасаудың маңыздылығы туралы айтылып,сонымен қатар денсаулыққа ең пайдалы азықтарды қолдану туралы түсінік берілді. Кітап көрмесіне: «Денсаулық», «Қыз өмірдің қызғалдағы», «Денсаулықты сақтай біл», «Алдамшы рахат арбауында», «Ден қойғанға ем қонады», «Денсаулығы баланың – қуанышы ананың», «Денсаулық энциклопедиясы» т.б. кітаптар қойылып, шолу жасалды.
Қ. Пернебаев ауылы, Ф N8 кітапханасының ұйымдастыруымен "Бірлік" N34 мектеп медбикесі Айтуғанова Қарақас 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Болашаққа денсаулықпен бірге» атты тақырыпта денсаулық сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандарға салауатты өмір салтын насихаттау, өмірге деген құштарлығын арттыру,жақсы мен жаманды айыра біліп, зиянды әдеттерден бойын аулақ салуға дағдыландыру.Салауатты өмір сүру үшін сапалы тамақтану,жеке бас гигиенасын сақтау,спортпен шұғылдану керектігін түсіндірді.
Сондай-ақ, №20 кітапханада 2 сәуір – Халықаралық баларға арналған кітап күніне байланысты «Менің сүйікті кітабым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.. Көрме барысында Ә. Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің 2 «А» сынып оқушылары кітапханамыздан бүлдіршіндерге арналған ертегілер, шағын әңгімелер мен жұмбақтар, сонымен бірге кітапхана қорына жаңадан келіп түскен баларға арналған кітаптарымыз танысты. Балардың кітап оқуға деген құлшынысын арттыратын кітап кейіпкерлері туралы қызықты әңгіме болды.
Қызылорда қалалық ОКЖ қарасты №15 Талсуат ауылдық кітапханасында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдық мерейтойына орай «Дәуір ақыны» атты әдеби оқу өткізілді.Оқырмандарға оның өмірі мен шығармашылығы жан-жақты насихатталды. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы аса көрнекті ақынын, оның өмір жолын таныстыру арқылы жастарды адамгершілік пен парасаттылыққа, туған тілін, әдебиетін сүюге үйрету, шығармашылыққа баулу. Шара барысында ақынның «Туған еліме», «Қымыз», «Асыл сөз», «Жылы кеш»,«Жақсылық көрсем, өзімнен» өлеңдері оқылып, кітап көрмесі бойынша кітаптары насихатталды.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №2 балалар кітапханасы 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Қызықты кітаптар әлемі шақырады» атты ашық есік күнін ұйымдастырды. Іс-шараға Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің 3 сынып оқушылары және сынып жетекшісі Тамаша Әріпханқызы қатысып, мерекелік күнге арналған жас оқырмандардың ой-өрістерін дамытатын түрлі тақырыптағы кітап көрмелерімен танысты. Кітап оқуға деген зор қызығушылықтарын танытып, кітапханаға оқырман болып тіркелді.
Ал, №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Жыл кітабы-2023» атты ашық есік күні өтті. Акциясы аясында биылғы жалпыхалықтық оқуға таңдалған қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармалары бойынша кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, жазушының «Парасат майданы», «Әке», «Өліара» т.б шығармалары таныстырылды. Жазушының тіршілік ағысының тереңіне, құпиясына үңілген, өмір шындығын философиялық тұрғыдан баса пайымдай жазған шығармаларынан оқыған кітаптары жайлы № 144 С.Әлжіков атындағы мектептің оқушылары сынып жетекшісі, ауыл жастары әңгімеледі.
Сонымен қатар, «Бір клуб, бір көрініс, бір өнер» атты аудандық фестиваль өтті. Фестиваль 3 айналымнан тұрды.
Бірінші айналым – «Қанаттарын қатайтқан клуб талайлардың» қызығушылық клубтар өз жұмыстарын электрондық нұсқа арқылы таныстырды. Екінші айналым – «Біз оқимыз, жасаймыз демаламыз» әр қызығушылық клуб өзінің өткізген бір шарасын көрсетті. Үшіншісі – «Өнерлінің өрісі кең» айналымында қатысушы клуб мүшелері өз өнерлерін көрсетті. Орталық аудандық кітапханасынан «Ақ жүзік» клубы қатысты.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 кітапханада №173 мектеп оқушыларының қатысуымен «Адам өмірі және суицидтен сақтану» атты денсаулық сағаты өткізілді. Мектеп психологы Шакиева Шолпан оқушыларға суицидтен алдын алу және оны болдырмау туралы көптеген мағұлмат айтып, кітапхана оқырмандары А.Сейдахметова, А.Рахманова психолог маманға сұрақ қойып, қызығушылық танытты. Кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалып, оқуға ұсынылды.
Шараның мақсаты – оқырмандарға суицид мәселесі туралы ақпарат беру, жас өспірімдер мен балалар арасында суицидтің алдын алу, жаман әдеттен сақтану, тек қана жақсы әдеттерді сініру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.