Kyzylorda-news.kz “Мектепке жол” жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы “Ауыл” партиясының Қызылорда облыстық филилалында қарқынды жүруде. Облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттарының ықпалымен қайырымдылық акцияның бір парасы аумақтық филиал кеңсесінде өтті.
Он жылдан бері үзілмей келе жатқан қайырымдылық шарасы аясында биыл “Ауыл” партиясының Қызылорда облыстық филиалы тұрмыс жағдайы төмен отбасылар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 100-ге жуық балаға әлеуметтік көмек көрсетпек.
«Менiң таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен ұйымдастырылып жатқан шараны қыркүйектің соңғы жұмыс күніне дейін жалғастыру көзделуде.