Kyzylorda-news.kz  Арал ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Санира Жанназарованың төрағалығымен аудандық білім бөлімі кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Жиынға бөлімге қарасты барлық білім беру мекемелерінің басшылары қатысты. 

Шара Арал ауданының білім саласында еселі еңбек еткен Ғайни Кенжебайқызын еске алу мақсатында бір минут үнсіздікпен басталды.

Күн тәртібінде келесідей мәселелер қаралды: білім сапасы, ІІІ оқу тоқсанының қорытындысы, ҰБТ-ға дайындық жұмыстары, педагогтарды аттестау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылық, жазғы маусымға дайындық, оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі, білім алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8,10 сыныптарда аралық аттестаттау. Ал ағымдағы мәселелер – қаржының уақытылы әрі заңдылығына сәйкес игерілу мәселесі, мектептердің конкурсқа қатысу деңгейі, көгалдандыру және тазалық жұмыстары.

Келелі кеңесте бөлім басшысы Санира Нұрқожақызы әр мектептің қаңтар-ақпан және наурыз айларындағы ақылы Ұлттық біріңғай тесттілеу нәтижелеріне жеке-жеке тоқталып, көрсеткішті көтеру үшін жүйелі жұмыстар жүргізілу керектігін жеткізді. Сондай-ақ оқушылардың пәндік олимпиада мен ғылыми жобаға қатысуы және нәтижеге жетуі мен педагогтардың кәсіби біліктілігін үздіксіз арттырып отыру керектігінде тілге тиек етті. Қаржы игеру, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және тазалық пен көгалдандыру жұмыстары да назардан тыс қалмай, тиісті жұмыстар үздіксіз жүргізілу керектігі тапсырылды. 

Жиын соңында қатысушылар тарапынан пікірлер айтылып, ұсыныстар назарға алынды.

 

Қорлан САРЫ

Тағы да оқыңыз: