Kyzylorda-news.kz.  «ҚазРоботикс» федерациясы Қызылорда өңірлік филиалы және «Жастар рухы» ЖҚ облыстық филиалының ұйымдастыруымен «KazRoboSport-2023» Робототехника чемпионатының облыстық іріктеу кезеңдері өтті.

Негізгі мақсат – STEAM және робототехника бағытын танымал ету, балалар мен жастардың STEAM және робототехника саласындағы техникалық шығармашылығы мен қажетті дағдыларын дамыту.

№125 High school мектебінде өткен жарысқа барлығы 30-дан аса команда қатысып Robo-Summo 10x10 санаты бойынша сынға түсті.

Ойын қорытындысы бойынша бірінші орын алған Жалғасбек Эльдар және Жетенов Мақсат ағымдағы жылдың 5 қараша күні Астана қаласында өтетін республикалық конкурста Қызылорда облысының намысын қорғайтын болады.

Өткен жылдармен салыстырғанда, қазір балалардың робототехникаға қызығушылығы артып келеді. Бұл үйірме жас буынның бағдарламалау мен алгоритмдік ойлау қабілетін, техникалық қиялын дамытады. Келешекте сұранысқа сай маман болуға дайындайды. Робототехника негізінен бірнеше пәнді, атап айтқанда математика, физика, информатиканы бір арнаға тоғыстырады. Баланың конструкцияға қызығушылығы болса, оны осы салаға бейімдеген дұрыс, - дейді «ҚазРоботикс» федерациясы Қызылорда облысындағы өкілі С. Ералиев.

384103144_716475123851460_5562599376687995636_n.jpg

Тағы да оқыңыз: