Kyzylorda-news.kz  Жас өреннің тұлға болып қалыптасып, қоғамға белгілі бір деңгейде қызмет ете алуы, бірінші кезекте, оның таңдаған мамандығына байланысты екені рас. Осы тұрғыда жеткіншектерімізге кімдер және қандай бағыт-бағдар берген дұрыс? Бұл ретте алдымен ата-анасы, одан соң ұстаздары барынша мүдделілік танытатынын көріп жүрміз. Бірақ өмір тәжірибесі мамандық таңдауда әркімнің өз жүрек қалауы бәрінен маңызды екенін айқындауда. Сунақата ауылындағы №194 орта мектебінде өткен облыстық семинарға қатысушылар осы тақырып төңірегінде жан-жақты талқылау жасады.

Кәсіби бағдар берудің тәрбиелік мәнін ата-аналармен бірге талқылауға арналған шарада мамандық таңдауға бітіруші сыныпта емес, бесінші сыныптан бастап көңіл қоюдың маңыздылығы сөз болды. Бұл туралы аудандық білім бөлімі басшысы Бекжан Шахизатұлы облыс аудандарының барлығынан дерлік келіп бас қосқан мектеп директорлары бейінді орынбасарлары алдында өз ойымен бөлісті.

– Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында балалардың бірінші кезекте мамандық таңдауына үлкен көңіл бөліну қажеттігін айтып келеді. 2020 жылдан бастап әр өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты мамандықтар картасы жасалды. Осы схеманы дайындау барысында жүргізілген сауалнамада оқушы түлектердің 87 пайызы мамандық таңдауда қателескенін мойындаған. Шынында да, баланың білімі мен қарым-қабілетін екшеуден бұрын ата-ана таңдауы басым түсіп жатады. Мұғалімнің де әсер-ықпалы үлкен, – деген ауданның бас ұстазының пікірі құптарлық.

– Жаһандану жағдайында барлық сала автоматтандырылып жатыр. Адамның қол күшіне емес, сана мен зияткерлік әлеуетіне сүйенетін маман¬дық түрлеріне сұраныс басым. Осыған орай білімгерлердің таңдауы да күрделеніп, цифрландыру бағытына бет бұруы заңдылық. Міне, осыны болашақ көкірегіне бала жастан сіңіру міндет. Қазірде мектептерде оқушы жоғары сынып сатысына көшкен кезеңнен бастап кәсіби жұмыс жүйелі жүргізілуі керек. Жас кеуде еліктеуге бейім, бірақ оған жол-жоба көрсету ұстаздың да, ата-ананың да міндеті.
Кейде айлығы көп, жағдайы жақсы болады деп те баласының бейімін ескермей, болмысы үйлеспейтін ма¬мандыққа телитін ата-ана ұл-қызының болашағына тек қиындық қана ту¬дыратынын ұмытпауы керек, – деді ол.

Бас ұстаз соңғы кезде мемлекеттік гранттың тым қолжетімділігіне тоқталды. Яғни 51 балдан жоғары балл жинай алған кез келген түлек шекті балл 140 балл жинаған баламен бірдей санатта жоғары оқу орнында білім ала алады. Дегенмен білім айырмашылығы екі есеге жуық төменде тұрған тұлғаның 4 жыл уақыты текке кеткен жоқ па деген күдігін де жасырмады.

Семинарға қатысушылар алдында осы тақырыпта ой толғаған мектеп директоры Марат Торғаевтың бағыт-бағдарды өз өмірінен өрнектеп айту¬ына да толық негіз бар. Тоқсан бесінші жылдары ұстаздыққа келген ол оқушыларға математика пәнінен дәріс берді. Ата-анасы математик еді. Мұны оқушы кезінде Алматыдағы Жәутіков атынадағы физика-математика мектебіне берген. Мектепті тәмамдап, әскер қатарына барып келген соң Сәтпаев атындағы политехникалық институтқа оқуға түскен. Бәрібір жүрек қалауымен газ-мұнай саласындағы қызметін тастап, Қорқыт атындағы уни¬верситетте мұғалімдікті оқып, мек¬тепке жолдама алыпты. Бірнеше жыл мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі болып қызмет атқарды. Соңғы екі жыл көлемінде бір кездері әкесі басқарған білім ұясының басшылық тізгінін қолға алды.

Мектепте 454 оқушы, мектепалды даярлық сыныбында 38, барлығы 492 бала білім алуда екен.

Семинарда сөз алған облыстық оқу орталығының әдіскері Жанна Сыздықова ауыл мектебінде өткізіліп отырған шараның мазмұнына тоқталып, осыған ұйытқы болған мектеп басшылығына, мектеп директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары, бұдан бұрын өзін-өзі тану пәнінен республикалық деңгейде үздік танылған Мейрамкүл Аманбаеваның атына алғыс білдірді. Ауыл мектебі мен қала мектебі арасындағы алшақтықты жоюда осындай ізденісті жұмыстарды ғылымиландыра түсу мәселесінің өзектілігіне тоқталып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Семинар жұмысы әдістемелік бағытта секциялар бойынша жалғасты. «Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмір кілті» тақырыбында мектеп кітапханасында И.Абдуллаева, А.Бахрамованың ұйымдастыруымен түрлі ма¬мандық иелерімен кездесу өтті. Олардың қатарында ұлағатты ұстаз, ауылдағы бастауыш ардагерлер ұй¬ымының төрағасы Қалмахан Тәженов, мектеп түлегі, «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет» ордендері иегері Әзия Қыстаубаева, мәдениет өнер саласы¬ның өкілі, №242 орта мектебі ұстазы Тұрсынбек Қалымбетов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкері Азамат Қорғанбай, аудандық полиция қызметкері Наурызбай Палахметұлы қатысты.

Білімгерлер «Мамандық таңдау жөніндегі көзқарасыныз қандай?», «Қиын не жеңіл мамандық деген бола ма?», «Мамандық таңдауда адам бойында қандай қасиеттер болу керек?» деген сауалдар төңірегінде ой-пікір алмасты.

Семинар барысында өткен «ҰБТ – басты қадам» тренингі тың идеялар және тәсілдермен қызықтырды. «Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің заманауи мүмкіндіктері және инновация¬лық бағыттарының формалары мен әдістемесі» деген тақырыпта №55 орта мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Рима Шоқыбаеваның ізденісі сарапқа салынды.

Иа, техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты сұранысына бейімделуі керек және еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сай болуы тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы Жолдауында осындай нақты меже мен міндет қойды. Өйткені, елдің ертеңгі тізгіні кәсіби, білікті, заманауи технологияның тілін түсінген жастардың қолында. Сондықтан, техникалық мамандықтарға басымдық беріп, заманауи салада жастарға мүмкіндік беру қазіргі қоғамның басты талабы. Осы бағытта Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі қандай жұмыстар атқаруда? 

Қазір колледждің директорлық міндетін Дәулетхан Тұрсынхожаев атқарып жүр. Жас болса да тәжірибелі басшымен оқу орталығы тіршілігін толықтай түйіндеп шықтық. Жаңарған оқу орнының көрікті келбеті көз сүйсіндіреді. Оқу құралдары, заманауи техникалары да жаңа үлгіде. Студенттерге шәкіртақы және ауылдық жерлерден қатынау құны да қаралған.

Алдымен оқу орнындағы мамандықтарды жүйелеп алсақ. 2005 жылға дейін студенттер алты мамандық бойынша білім алса, қазіргі таңда олардың саны 19-ға толықты. Оқу кабинеттері мен зертхана, шеберханалар саны артып, практикамен қатар теориялық жүйе де қатар жүруде. 4 зертхана, 6 шеберхана бар. Оның ішінде, «Токарьлық ісі және металл өңдеу» мамандығы бойынша «Станок жұмыстары» шеберханасы, «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы  бойынша , «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету» шеберханасы бар. Сол секілді, «Тігін»,  «Пісіру жұмыстары», «Тамақ дайындау», «Техникалық қызмет көрсету» шеберханасы да сабақ жүзінде жүзеге асуда.

– Бізде «Ветеринария» мамандығы бойынша арнайы пән кабинеті мен зертханасы, «Электротехника», «Тау-кен механика», «Электронды ақпараттандыру» зертханасы, экономика негіздері кабинеті, өзін-өзі тану, 2 компью¬тер, 27 оқу кабинеті болса, 14 оқу кабинеті интерактивті тақтамен жабдықталған, 2014 жылы колледждің әкімшілік ғимараты іске қосылып пай¬даланылуға берілді. 2020-2021 оқу жылында колледж толықтай күрделі жөндеуден өтіп жылу қазандығы қатты отыннан (көмір)  сұйық отынға (табиғи газ) ауысты. Колледж  200 орындық  АКТ залы, 160 орындық асхана, 100 орындық жатақханамен қамтылған, – деді Дәулетхан Мадиярханұлы.

Жалпы алғанда колледжде 19 мамандық, 24 біліктілік бар. Яғни, 19 мамандықты игерген студенттер 24 түрлі салаға бейім деген сөз. Авто¬мобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөн¬деу, ауыл шаруашылығын механикаландыру, бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша), ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану сынды мамандықтар бар. Сол секілді дәнекерлеу ісі, есеп және аудит, есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша), жеміс-көкөніс шаруашылығы мен маркетинг (салалар бойынша), тамақтандыруды ұйымдастыру және тамақтану саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша маман атануға болады. Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу, эектр жабдықтары, токарлық іс, пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайда¬лану, ветеринария және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану мамандығы бар.

«Жастар жылы» аясында «Жас маман» жобасы жүзеге асқанын білеміз. Бағдарламаның басты мақсаты – заман талабына сай білікті маман даярлау. Жоба аясында Қазақстандағы 795 оқу орнынан 180 кәсіптік білім мекемесі таңдалды. Соның ішінде біздің аграрлы-техникалық колледж бар.

– Жобаның мақсаты worldskills  стандарттарының халықаралық тәжірибесін енгізе отырып техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы  сұранысқаие 100 мамандықты  анықтау  және қайта жаңғырту. Жобаны іске асыру  қорытындыларыбойынша  оқу ұйымдары  республикалық және халықаралық деңгейлерде талап етілетін мамандарды даярлау үшін қажетті қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылатын болды. «Дәнекерлеу ісі»  мен «Автомобиль  көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»  мамандығы бойынша колледжге республикалық бюджеттен 320 млн бөлінді. Бұл қаржыға кәсіптік білім мекемелері  халықаралық стандарттарға  сай соңғы үлгідегі құралдар сатып алынуда. Жас маман  жобасы  колледждің оқу өндірістік базасын жаңартып қана қоймай құзіреттілік орталығын құруға мүмкіндік бермек. Бөлшектеу құрастыру құрылғыларынан  бөлек Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі базасына  білім алушыларға  жүргізіп үйренуге арналған су жаңа техникалармен толықты.  Жас маман  мемлекеттікбағдарламасы  аясында білім ордасында еуропалық  стандарттарға  сай соңғы үлгідегі дәнекерлеу құралдары  жет¬кізілді.Қазіргі мемлекет қолдауына ие болған білім ұясы дуалды және модульді оқыту жүйесіне көшті, – деді мекеме басшысы.

Бізге қажеттісі де осы еді. Яғни, оқу орнындағы заманауи құрылғылар іс жүзінде қалай жүзеге асуда. Алдымен көлік жөндеу кабинетіне келдік. Бұл кабинетте көліктің әрбір техникасын бөлшектеп үйретеді. Екіншіден, планшет арқылы және үлкен экранды арна арқылы түсіндіру сабағына да қатыстық. Жалпақ тілмен айтқанда, балаларға көлікті басқарудан бастап, әрбір құрал-сайманына дейін түсіндіріледі. Сол секілді, бүгінгі күннің мамандығы болған токарь кабинетіне де бардық. Ал, қыздар тігін шеберханасы мен асханасына да ерекше тоқталуға болады.

– Тероиялық және практика өтетін оқу шеберханалары толық заманауи техникалық құралдарымен қамтылды. Оның ішінде «Дәнекерлеу ісі»  мамандығы бойынша теория кабинеті «Вертуальды дәнекерлеу тренаржер», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және пайдалану» мамандығының теория кабинеті Вертуальды автотренажеры,  студенттерге арналған 25 планшет, автокөлікті жүргізіп үйренуге арналған заманауи құралдармен жабдықталған. Ал шеберханаларға келетін болсақ «Автокөліктердің ақауын табатын диагностикалық аппараттар инжектор тазалайтын құрылғылар, автокөлік бөлшектерін, көліктің электроақауларын анықтайтын құрылғылар, дөңгелектердің тепе-теңдігін анықтайтын құрылғылар, автокөлік көтергіштері, білім алушыларға толық үйренуге арналған қозғалтқыштары, матор майларын ауыстыратын қозғалтқыштар, беріліс қорабын ауыстыратын құрылғылармен»  жаңа заманауи технологиялармен толыққанды қамтылды.
Дәнекерлеу шеберханаларындағы барлық дәнекерлеу замануи үлгіде студенттерге қолайлы түрде жабдықталған, – деді Д.Тұрсынхожаев.

Қолдарына диплом алған түлектер қайда қызметке орналасады? Осы сауал ата-аналарды көп мазалайды. Қазір колледжде 489 студент дәріс алады. Оның 124-і биыл қабылданған.

– Бізден түлеп ұшқан студенттердің 65-70 пайызы қызметке орналасады. Ол шартты түрде, ал, жоғары оқу орнына тестілеу арқылы грантқа түсуге де мүмкіндігі бар. Мәселен, былтыр бітірген 179 түлектің 122-і жұмысқа орналасса, 35 жас әскерге аттанды, 22 түлек жоғары оқу орнына түсті. Одан бөлек, жеке кәсіпкерлер және аудандағы ірі өндіріс орындарымен меморондум бар.

– “Шалқия Цинк ЛТД” мекемесімен мемоондум жасаған екенсіздер.

– Иә, Шалқия жер асты қазбаларын жүргізуге 4 жылға мердігерлікке отырған “Қытай-Азаматтық-Инженерлік-Құрылыс Корпорациясының” бас директоры Дзянг Хайвен және “Шалқия Цинк LTD” әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ғабит Ғазизқанұлы кәсіптік колледжде болды. Екі жақты өзара келіссөз арқылы аталмыш мамандықта оқып жатқан студенттер Шалқия кен орындарынан Өндірістік практикадан өтіп, іскерлік тұрғыда шыңдалады. Бітірген соң, тиісінше сіздердің тараптан жұмыспен қамту жайы қарастырылса деп негізгі сұранысты жеткізді. Тек онда басшылық құрам өзгеріп, сәл кідіріс болуда. Одан бөлек бітірушілер көлік қызметі, қыздар тігін шеберханалары мен аспаз қызметінде жүр. Сұранысқа сай мамандар Атырау мен Құмкөлге қызмет ауысытыр жатқандары да аз емес. Нақтысын айтқанда, біз білікті кадрларды дайын өнім ретінде шығарудамыз. Өйткені, ұстаздардың білім сапасы жоғары, республикалық жоғары оқу орындарынан тәжірибе жинауға жиі барып тұрады.

Мәліметіне дәлел ретінде жастарды іздедік. Біз 2019 жылы бітірген түлек Дидар Ибрагимовтың қызметіне келдік. Қазіргі сұранысқа сай автокөлік жөндеуді жетік меңгерген маманның қызметіне жаңақорғандықтар жиі жүгінеді. Соның ішінде өзім де бармын.

Жаңа оқу жылында «Дәнекерлеу ісі»  мамандығы бойынша  9 сынып негізінде 21  студент және «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша 9 сынып негізінде 22 студент оқуға қабылданған. Оқубағдарламалары «TALAP» коммерциялық емес акционерлік қоғамы келісіліп осы бағдарламамен оқу жүргізілуде.

– Колледжімізде 19 мамандық 24 біліктілік оқытылуда Тау кен саласы бойынша қазіргі уақытта оқытылып жатқан Жер асты тау-кен жұмысшысы мамандығы бар «Шалқия Цинк LTD»-ға керек мамандықтарын анықтап, алдағы уақытта жаңа мамандық ашу жоспарлануда. Атап айтқанда, тазарту забойының тау-кен жұмысшысы, үңгуші, жер асты тау-кен монтаждаушысы, техник-технолог, маркшейдерлік ісі, пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу  мамандықтарыбар, – деп түйіндеді колледж директоры міндетін атқарушы Дәулетхан Мадиярханұлы.

Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту-заман талабыҚұрметті әлеуметтік желі қолданушылары, оқырмандар!Баршаңызға белгілі, осыдан 20-30 жыл бұрын екінің бірі тракторист, дәнекерлеуші, диқаншы, наубайханашы яғни кәсіпті меңгерген мамандар көп болды. Яғни, керісінше цифрландыру және ақпараттық техникалық құралдармен жұмыс жасай білетін мамандар өндіріске жетпей жататын.Ал, қазіргі заман талабы мүлдем басқаша. Қазір Қазақстан экономикасы едәуір алға жылжыды. Заман талабына сәйкес түрлі мамандық иегерлерін, білікті мамандарды кез-келген жерден табуға болады. 

Қарапайым кәсіпті меңгерген кәсіптің иелері азайып кетті. Мұның негізгі себебі, ата-ананың талабы өз перзентін талапқа сай етіп «Заңгер, мұғалім, дәрігер болуға үгіттейді.

Аталмыш мамандықтарға кадрлардың тым көптігінен жұмыссыздық мәселесі туындауда. Енді нарық сұранысына тоқталсақ, тау-кен, мұнай, газ, электроника, техника, заманауи гаджеттерді меңгерген нағыз іскер мамандар бойынша бос жұмыс орындарын табу оңайға соғады. Тек кәсіби, өз ісін жетік меңгерген мамандар қажет. Сондықтан, әрбір ата-ана мамандық таңдарда баласын «Заман сұранысына сай, ертеңгі күні сол нәпақасын тауып жей алатын мамандықтарға» үгіттегені абзал. Әрине, мұндай іскерлікке баулитын мамандықтарды кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарынан дәріс ала алады. Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде де жұмыссыздық мәселесіне сай, ертеңгі күні жастардың жұмысқа тұруына оңай болуы үшін біршама өзгерістер енгізілуде. Білім беру процесінің жаңа технологияға бейімделуінен бөлек, «Жас Маман» жобасы бойынша «Дәнекерлеу ісі» мамандығы және «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша оқу-техникалық база, заман талабына сәйкес қажетті құрал-жабдықтар түбегейлі жаңартылу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша заман талабына сәйкес оқу-техникалық база құрал жабдықтармен толығымен жабдықталды. 

Ал, «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша қажетті құрал-жабдықтар алдағы уақытта жеткізіліп, оқу техникалық база толығымен жабдықталатын болады.Студенттерді нағыз іскер етіп шыңдау үшін практикаға баса мән беріліп, қажеттіліктер толықтырылуда. Алдағы уақытта «WorldSkills Kazakhstan» ұлттық чемпионатында колледжіміздің білім алушылары жүлделі орын алады деген сеніміміз мол. Президент өз Жолдауларында «Кәсіпті меңгерген мамандар өндірісте өте тапшы екенін, осы мамандықтар аясында жастарды тереңнен оқыту қажеттілігін, бүгінгі заман талабы – кәсіпті және техниканы меңгерген мамандар болуы тиіс делінген. Белгілі бір напахамен күнелтіп отырған мемлекеттік қызметкердің жалақысынан, тәуелсіз, өз алдына жұмыс жасайтын электр жабдықтарын жөндеу мамандарының табысы жоғары. Бұл – бүгінгі күннің басты шындығы. Токарь, дәнекерлеуші, электрик, мал дәрігері сынды мамандарды іздеп тауып, жұмысымызды ұсынатын күнге жеттік.Сондықтан, өндіріс пен техникаға бейімделген мамандықтар аясында жастарды тәрбиелесек, кәсіп саласы ауданымызда едәуір дамитыны ақиқат. Сөз соңында, барша бітіруші түлектерді, келешек маман иелерін Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінен білім алуға, арнайы шәкіртақы алып, студент атануға шақырамыз. Аудан айнасы саналған кәсіптік колледж Сіздерді жан-жақты маманданып шығу үшін әрқашан дәріс беруге дайын!
Әрі қарай іс-тәжірибе бойынша математика кабинетінде дәріскер И.Нұртіллаеваның «Мәтінді есептер шығару», А.Дариялованың география пәнінен «Planets» сабақтары өте тартымды өтті. Одан әрі №194 орта мектеп бейінді оқыту жөніндегі орынбасары М.Аманбаеваның «Кәсіптік бағдар берудің тәрбиелік мәні», К.Искендированың «Мамандықтар әлемінде», мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары А.Төрегелдиевтің «Біздің студияда» жеке авторлық бағдарламалары ұстаздардың үлкен ізденісті еңбегін танытты. 

Бастауыш сыныптар бойынша ұстаз А.Торғаеваның «Мамандықтың барлығы жақсы», мектептің ғылыми әдістеме¬лік жұмыстар жөніндегі орынбасары Г.Сәрсенбекованың «Өсімдік атаулары ұйытқы болған фразеологизмдер», ұстаз Ш.Қансейітованың «Құртқаның бойындағы ұлтқа үлгі боларлық құндылықтар» тақырыбында өткен сабақтары танымдық мазмұны жағынан бай, терең интеллектуалды әлеуетімен қатысушыларға үлкен әсер сыйлады. №239 орта мектеп бейінді орынбасары Ж.Ибадуллаева «СТЕАМ – мектеп оқушыларын оқытудың жаңа әдістемесі және әлемдік білім берудің негізгі тренді» тақырыбында сыр тарқатты. Семинар жұмысын аудандық білім бөлімінің бас маманы Назерке Базарбаева қо¬рытындылап, сертификаттар табыстады.
 

Тағы да оқыңыз: