Kyzylorda-news.kz  Колледждер жаңа мамандықтарға сұранысты және еңбек нарығындағы жағдайды ескеруге тиіс. Бұл туралы Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

- Дмитрий Павленко (Ұлттық құрылтайда) дұрыс мәселе көтерді. Кәсіби техникалық колледждер жаңа мамандықтарға сұранысты және еңбек нарығындағы жағдайды ескеруге тиіс. Сарапшылардың айтуынша, біраз жылдан соң солтүстіктегі халықтың саны едәуір азайып, оңтүстіктегі тұрғындар әлдеқайда көбеюі мүмкін. Бұл – өте өзекті мәселе. Себебі аймақтардың еңбек нарығында теңсіздік одан әрі ушыға түседі деген сөз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Бұл тұрғыда Президент осы мәселемен Үкімет мұқият айналысуы керек екенін тапсырды.

- Қостанайдағы колледждің тәжірибесін солтүстік аймақтарда кеңінен қолдану қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Фото: Ақорда

Тағы да оқыңыз: