Kyzylorda-news.kz   IQANAT олимпиадасының республикалық кезеңінде Сыр өңірінің өрендері білім бәсекесінде өңірдің өресі биік екендіктерін тағы бір дәлелдеді. Олимпиаданың жалпы көрсеткіші бойынша Қызылорда облысының қоржыны 13 грантпен толықты.

Атап айтсақ, 7 грант толық мектепте оқуға арналған болса, 6 грант білім алуына 50% жеңілдікпен қамтамасыз етілетін болады.

Жетістікке жеткен жеткіншектерге тоқталар болсақ "IQANAT High school of Burabay" мектебіне үш жыл толықтай оқуға мүмкіндікті жеңіп алған Жалағаш ауданы, Таң ауылы, 118 орта мектептің оқушылары Атымтаева Еркемай Рахымбекқызы, Оразбек Айгерім, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, 45 Ақ орда мектеп-гимназиясының оқушылары Оразай Ғияс Исмаил, Манап Ұлпан Абдуашимқызы, Ш. Уәлиханов атындағы 127 мектеп-лицейінің оқушысы Сафи Нұрмұхаммеджан Даулетиярұлы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр атындағы 70 мектептің оқушысы Айтуған Жанел Нұрланқызы, Арал ауданы, 74 орта мектептің оқушысы Тоқтамыс Нұрғиса Қасенұлы.

Жартылай грант жеңімпаздары болып Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр атындағы 70 мектептің оқушысы Айдарбек Еділ Төребайұлы, Шиелі ауданы, 46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Қайырбек Нұрсила, Сырдария ауданы, Айдарлы ауылы, 139 орта мектебінің оқушысы Сейілхан Іңкәр, Жалағаш ауданы, Әл-Фараби атындағы 201 мектеп-лицейінің оқушысы Қайназар Кәусар Олжасқызы, Шиелі ауданы, Жөлек ауылы, 152 орта мектептің оқушысы Әбілқасым Айзере Сейтқасымқызы, Шиелі ауданы, 47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Махамбетияров Бекарыс Еркінұлы таңылды.

Сондай-ақ жуырда «WORLDSKILLS-2024»: Жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру байқауының жеңімпаздарын құттықтау рәсімі өтті. 

«World skills» – жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға негізделген халықаралық жобасының мақсаты жұмысшы мамандығын дәріптеу, жұмысшы мамандығының танымдылығын және қоғамдағы беделін арттыру, өндіріс орындарындағы жас мамандардың, мектеп оқушыларының, студенттердің, ата-аналардың, бизнес өкілдерінің жұмысшы мамандығына қызығушылығын арттыру болып табылады.

WorldSkills кәсіби шеберлік байқауы әлемнің 80 мемлекетінде өткізіледі. Қазақстан мемлекеті жұмысшы мамандықтарының беделін көтеріп, насихаттайтын халықаралық чемпионат «WorldSkills» жобасына қатысушы ел ретінде тіркеліп, 2015 жылдан бастау алған чепионатқа жылма жыл қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

Аталған әлемдік чемпионатқа қатысушыларды анықтау үшін 30 құзыреттілік бойынша қараша айында республикалық іріктеу байқауы өткізіледі. Соның нәтижесінде жеңімпаздар биыл қараша айына жоспарланған «WorldSkills Kazakhstan 2024» Ұлттық чемпионатына қатысады. Аталған кәсіби шеберлік байқауына биылғы жылы облысымыз 23 құзыреттілік бойынша қатысатын болады.

Осыған орай, біздің өңірімізден республикалық байқауға қатысушыларды анықтау мақсатында 2024 жылдың 22-30 сәуір күндері аралығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында 15 құзыреттілік бойынша облыстық іріктеу кезеңі өткізілді.

Қалған 8 құзыреттілік бойынша колледжішілік іріктеу байқауының жеңімпаздары республикалық кезеңге тікелей қатысады.

Қатысушыларға облыстық білім басқармасының басшысының орынбасары Қали Бектұр Асанханұлы сөз сөйлеп, халықаралық чемпионаттардағы балалардың жетістіктерін атап өтіп, қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауға және облысты ұлттық чемпионатта лайықты көрсетуге тілек білдіріп, жеңімпаздарды құттықтады.

 

Қорлан САРЫ

Тағы да оқыңыз: