Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма мүшесі-Академиялық мәселелер бойынша проректор Дана Абдрашева «Жоғары оқу орындарында шешім қабылдауды жетілдіру үшін институционалдық зерттеу деректерін қолдану» атты II форум аясында «Аймақтық университеттердегі институционалдық зерттеулер: мифтер мен ақиқат» тақырыбында баяндама жасады. Форумға Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Баянәлі Досжановта қатысты.  

Форумда білім сапасын арттыруға бағытталған институционалдық зерттеулердің сәтті кейстерін және білімгерлердің оқуға қабылданған сәттен бастап оқуын аяқтағанға дейінгі нәтижелерін бақылаудың негізгі принциптері талқыланды. Сондай-ақ тиімді деректер есебі және жиналған деректер негізінде шешім қабылдау стратегиялары айтылды.

Айта кетейік, Алматы облысында «Жоғары оқу орындарында шешім қабылдауды жетілдіру үшін  институционалдық зерттеу деректерін қолдану» атты II форум өтті. Форумды Сүлеймен Демирель университетінің базасында   Назарбаев университетінің, КИМЭП университеті бірлесіп ұйымдастырған. 

Форумда білім сапасын арттыруға бағытталған институционалдық зерттеулердің кейстері, мәліметтерді талдау және шешім қабылдау стратегиялары талқыланды. 

 

Ә.Жанәбіл
Фото: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Тағы да оқыңыз: