Kyzylorda-news.kz  Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен Қызылорда облысы «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен 8-9 желтоқсан күндері «Inno.Fest» Qyzylorda 2023 IT жобалар байқауы өтеді.

 InnoFest Qyzylorda – жаңа перспективалы инновациялық IT жобаларды анықтауға, стартаперлердің өз идеясын жүзеге асыруына, инвестор табуға, жобаны көпшілікке ұсынуға мүмкіндік береді.

Фестивальге жобалар 3 бағыт бойынша қабылданады. 

-Smart city: ақылды қала концепциясы аясындағы ІТ жобалар;

-Контент & дизайн: цифрлы контент пен дизайн жасаушы және қолданысқа еңгізетін жобалар;

-Кино & видео: мобилография және кинематография саласының жобалары.

Фестивальдің жүлде қоры – 3 000 000 теңге. Сондай-ақ үздік жобаларды таныстырған оқушыларға ЖОО білім гранттары табысталады.

Толық ақпарат үшін: @kyzylordahub @innofest

Тағы да оқыңыз: