Kyzylorda-news.kz  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «Іnfogo club» IT ұйымы ашылды. Ұйымның мақсаты – IT саласына қызығушылығы бар жастарды бір алаңға жинау. Жай ғана оқыту емес, теориямен қатар практиканы қолданып, қоғамға маңызы бар жаңа жобаларды іске асыру.Студенттерден құралған командамен таныссақ.

Ғұбайдулла Орынбеков – «infogo club» ұйымының төрағасы. Ұйымның барлық бөлімшелері мен мүшелерінің жұмысын үйлестіреді. Клубтың даму стратегиялары мен іс-шаралар жоспарын әзірлейді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, «Информатика мұғалімдерін даярлау» мамандығының 1-курс студенті. Исатай Есмамбетов – «infogo club» ұйымының әзірлеу бөлімнің жетекшісі. Жобаларды сапалы әзірлеу және қоғамға ыңғайлы өнім жасайды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, «Информатика мұғалімдерін даярлау» мамандығының 1-курс студенті.Арман Қуанышбек – "infogo club" ұйымының пиар бөлімнің жетекшісі. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында ұйымның болуында қолдайды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, «Информатика мұғалімдерін даярлау» мамандығының 1-курс студенті.Қайсар Жарылқасын – «infogo club» ұйымының дизайн бөлімінің жетекшісі. Клубтың іс-шараларына және жобаларға дизайн материалдарын жасайды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, «Информатика мұғалімдерін даярлау» мамандығының 1-курс студенті. Даниал Айжарық – «infogo club» ұйымының музыка бөлімнің жетекшісі. Жобаларға авторлық саундтрек жазады, авторлық музыка шығарады. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті.

Айта кетейік, студенттердің ұлттық рухты бойына сіңірген, шығармашылық қабілеттері шыңдалған, мақсаты айқын тұлға болып қалыптасуы үшін университетте 24 жастар ұйымы жұмыс істейді. Жалпы университет бойынша 2022-2023 оқу жылында 892 іс-шара ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылында да қарқынды жалғасуда.

Жоғары оқу орнында түрлі бағытта республикалық, облыстық ауқымды шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтсақ, биыл дәстүрлі түрде «Студенттік көктем – 2023» студенттер фестивалі, «Университет аруы – 2023» байқауы, «Маусымашар-2023» жайдарман фестивалі, дебаттық ойындар, айтыс, кездесулер, спартакиадалар, поззия кештері, «Жауқазын» жастар театрының «Қош, махаббат» атты алғашқы  қойылымы өтті. Университетте Әлем чемпионатының - 9, Азия чемпионатының – 23, Қазақстан чемпионатының - 125 жеңімпазы мен жүлдегерлері бар. 

2023 жылғы ЖОО арасындағы жазғы универсиадаға  спорттың 16 түрінен 120 білім алушы қатысты. Жалпыкомандалық есепте университет спортшылары 9 орынды иеленіп, 37 медаль (алтын-7, күміс–8, қола-22) қоржынға салды. Қатысушылар университеттің арнайы спорттық киімдерімен толықтай қамтамасыз етілді. Белсенді жастардың шығармашылық ортасын қалыптастыру және олардың бастамасына мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Әділхан Досым мен Тұрсынбай Елдос 600 мың теңге грант жеңіп алды. «Ақиқат» саяси пікірсайыс клубының мүшелері Түркістан қаласында өткен республикалық турнирде жеңімпаз атанды. Республикалық Алматы Ашық лигасының жартылай финалдық сайысында  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Q құрамасы» финалдық ойында үздік өнер көрсетті. 

Тағы да оқыңыз: