Kyzylorda-news.kz Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде ғылыми-техникалық прогресс пен еңбек нарығының қажеттіліктеріне бейімделген жоғары оқу орындарының рөлі артып келеді. Қазақстанның инновациялық даму стратегиясына сәйкес, жоғары білім беру саласын жаңғыртуда ғылыми-зерттеу жұмыстары мен халықаралық серіктестікті кеңейтудің маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда, Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (МИТУ) еліміздегі техникалық және экономикалық мамандарды даярлайтын жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.

МИТУ 2001 жылы "Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті" ретінде құрылып, бүгінгі таңда білім беру бағдарламаларының кең ауқымын қамтиды. Университет төмендегі бағыттар бойынша жоғары білікті мамандар даярлайды:

  • Инженерлік-техникалық мамандықтар: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, бағдарламалық қамтамасыз ету, радиотехника және электроника, энергетика, технологиялық машиналар мен жабдықтар, стандарттау және сертификаттау, тіршілік қауіпсіздігі.
  • Биотехнология және ауыл шаруашылығы: биоинформатика, биотехнология, бау-бақша және агроөнеркәсіптік кешен, топырақтану, химиялық технологиялар.
  • Экономика және бизнес: қаржы, есеп және аудит, маркетинг, туризм, экономикадағы инновациялық технологиялар.

Университет бакалавриат, магистратура және PhD докторантура бағдарламалары аясында мемлекеттік гранттар негізінде және ақылы бөлімдерде білім беру қызметін жүзеге асырады. Білім беру бағдарламалары халықаралық аккредитация агенттіктерімен сертификатталған, бұл олардың сапа стандарттарына сәйкестігін дәлелдейді.

МИТУ ғылыми-зерттеу қызметіне ерекше назар аударады. Университет қабырғасында заманауи технологияларды дамытуға бағытталған бірқатар зерттеу жобалары жүзеге асырылып келеді. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, ұлттық және халықаралық деңгейде мойындалуда. Университет жас ғалымдарды қолдау мақсатында ғылыми-зерттеу гранттарын ұсынуда, бұл студенттер мен докторанттар үшін үлкен мүмкіндік.

Университет халықаралық байланыстарды дамытуға белсенді қатысады. Қазақстан мен Қытай арасында өнеркәсіп пен білім беруді интеграциялау мақсатында Цзинши институты ашылды. Бұл жоба HUATEC өнеркәсіптік компаниясының және Шыңжаң қолданбалы технология институтының қатысуымен жүзеге асырылуда. Мұндағы негізгі мақсат – Қытай мен Қазақстан арасындағы академиялық және технологиялық алмасуды дамыту. Цзинши институты "Мұнай-химиялық технология" бағыты бойынша мамандар даярлайды. Институт студенттері Қытай мен Қазақстан университеттерінің ресурстарын пайдалана отырып, заманауи технологиялар мен өндірістік процестер туралы жан-жақты білім алады. Бағдарлама халықаралық деңгейдегі стандарттарға сәйкес әзірленген және студенттерге екі елдің жетекші сарапшыларынан білім алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, университетте шетелдік сарапшылардың қатысуымен арнайы дәрістер өткізіледі. Глазго университетінің (Ұлыбритания) Adam Smith Business School жоғары оқу орнының аға оқытушысы Ramona Blanes студенттерге "Қаржы технологиялары және олардың саланы дамытуға әсері" тақырыбында дәріс оқыды. Бұл дәріс қаржы технологияларының қазіргі даму тенденцияларын талқылауға мүмкіндік берді. Ramona Blanes дәріс барысында FinTech индустриясының эволюциясын, қаржылық технологияларды енгізудің қиындықтарын, олардың бизнес модельдері мен тиімділігін егжей-тегжейлі қарастырды. Студенттер FinTech-тің болашағы мен оның экономикалық даму үдерісіне ықпалы туралы құнды ақпарат алып, өздерінің сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Сондай ақ, студенттерге қаржылық технологиялар мен олардың бизнеске ықпалы туралы жан-жақты білім алуға мүмкіндік берді.

Сонымен бірге, Suleyman Demirel University (Түркия) профессоры Omer Faruk Acar бизнес және кәсіпкерлік саласы бойынша маңызды дәрістер циклын өтті. Оның алғашқы "Бизнеске кіріспе" тақырыбындағы дәрісі студенттерді кәсіпкерліктің негізгі қағидалары мен тұжырымдамаларымен таныстырды. Дәріс барысында ол бизнес ортасының дамуы, басқару стратегиялары, экономикалық үрдістер және кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, дәріс интерактивті форматта өтіп, студенттерге нақты бизнес-кейстерді талқылауға және кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Omer Faruk Acar-дың дәрістері студенттердің халықаралық тәжірибемен танысуына және заманауи бизнес-үрдістерді түсінуге зор ықпал етеді.

МИТУ сонымен қатар Еуропа, Азия және АҚШ-тың жетекші университеттерімен академиялық серіктестік орнатқан. Оқу орны Erasmus+ бағдарламасы аясында студенттерге шетелде білім алу мүмкіндігін ұсынып, екі дипломдық бағдарламаларды іске асыруда. Бұл білім алушыларға халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті маман атануға жол ашады.

МИТУ студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға және ғылыми іс-шараларды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Университет қабырғасында келесі маңызды ғылыми-тәжірибелік шаралар өткізілді:

2025 жыл университетте "Өзін-өзі басқару жылы" деп жарияланып, студенттердің бастамаларына қолдау көрсетуге бағытталған жаңа жобалар іске қосылды. Бұл бастама Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтары жылы" деп жариялауын қолдауға бағытталған. 

Осы бағытта университетте еңбек адамдарын қолдау және студенттердің бастамасына демеу көрсету мақсатында, "Жаһандық студенттік көшбасшылық: дамуы, әсері, әрекеті" халықаралық форумы, онда студенттердің көшбасшылық қабілеттерін жетілдіруге арналған пікірталастар ұйымдастырылды. Форум әртүрлі елдерден келген белсенділерді, жас көшбасшыларды және студенттік ұйым өкілдерін бір алаңға жинады. Форум қонақтары АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Қытай, Ресей мемлекеттерінен қатысуда. Сонымен қатар METU-де Египет, Монғолия, Қытай, Түркия, Ресей, Марокко, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б., әлемнің он бес елінен келіп білім алып жатқан шетел студенттері де Студенттік өзін-өзі басқару жылына арналған халықаралық форумға қатысты. Форумда жаһандық білім, рухани құндылықтар және технологиялардың дамуы мен экологияның сақталуы арасындағы баланс мәселелеріне ерекше назар аударылды. Пленарлық сессияларда «Болашақ біліміндегі жаһандық лидерлік», «Бәсекеге қабілетті түлектің атрибуттары» және ғылым мен технологиядағы инновациялық тәсілдер сияқты тақырыптар талқыланды.Университет студенттерінің белсенділігі нәтижесінде бірқатар әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда, олардың ішінде кәсіпкерлік бастамаларды дамыту және жастарды еңбек нарығына бейімдеу шаралары ерекше орын алады.Іс-шара барысында қатысушылар студенттік өзін-өзі басқарудың дамуы, тәжірибе алмасу және жастар көшбасшылығы саласындағы табысты бастамалар тақырыптарын талқылады.

"Қазіргі заманның әлеуметтік-экономикалық мәселелері: теория және практика" ғылыми-тәжірибелік конференциясы, бұл іс-шара экономикалық даму мәселелері бойынша ғылыми пікір алмасудың маңызды алаңына айналды.

"Инженерлік-технологиялық инновациялар" халықаралық конференциясы, онда жетекші ғалымдар мен сарапшылар инженерлік ғылымдағы заманауи жетістіктерді талқылады.

"Жас ғалымдар және болашақ технологиялар" халықаралық симпозиумы, бұл форум аясында студенттер мен жас зерттеушілер өздерінің ғылыми жаңалықтарын ұсынды.

МИТУ студенттеріне сапалы білім алумен қатар, қолайлы инфрақұрылым ұсынады. 2019 жылы жаңа заманауи студенттер үйі (жатақхана) пайдалануға берілді. Онда студенттердің жайлы өмір сүруі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған: тегін Wi-Fi, фуршет алаңы, конференц-зал, кір жуу орны және тәулік бойы қауіпсіздік жүйесі.

МИТУ студенттік ұйымдары белсенді жұмыс істейді. Олардың қатарына ғылыми-зерттеу клубтары, кәсіпкерлік үйірмелер, шығармашылық студиялар және спорт секциялары кіреді. Университет талантты студенттерді қолдау мақсатында жыл сайын стартап-жобалар конкурстарын өткізіп, инновациялық идеяларды қаржыландырады.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті Қазақстандағы жоғары білім беру саласында көшбасшылық орынға ие. Ол тек техникалық білім беріп қана қоймай, сонымен қатар ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, халықаралық серіктестікті кеңейтуге және білім алушылардың кәсіби және тұлғалық дамуына жағдай жасауға ерекше мән береді. Университет түлектері Қазақстан мен әлемнің әртүрлі салаларында жоғары сұранысқа ие мамандар ретінде танылып, ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосуда. Болашақта МИТУ өзінің ғылыми-инновациялық әлеуетін одан әрі арттырып, жаһандық білім беру кеңістігінде беделін нығайтуға ұмтылады.

 

Дильдебаева Жулдуз Турсуновна

«Экономика және бизнес»кафедрасының меңгерушісі,

экономика ғылымдарының кандидаты,қауымдастырылған профессор         

Бердімұратова Құралай Қадырқұлқызы,

 «Экономика және бизнес»кафедрасының аға оқытушысы

Тағы да оқыңыз: