Kyzylorda-news.kz. Микробиология және вирусология саласындағы ғылыми зерттеулердің өрісі кең, ол – қазіргі заманның барлық талаптарына толығымен жауап береді. Атап айтқанда, Алматы қаласында орналасқан ғылым мен техника саласындағы екі мәрте мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, биология ғылымдарының докторы, академик Саданов Аманкелді Құрбанұлы басқаратын микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу орталығы ғалым-микробиологтары микробиологиялық технологиялардың көмегімен ауылшаруашылығы өндірісін дамытуға, медицина, тамақ өнеркәсібі мен қоршаған ортаны қорғауға арналған жаңа микробтық биопрепараттар әзірлеп, өндіріске енгізуде.

Сонымен қатар, орталық жоғары оқу орындарымен де тығыз байланысты. Оның дәлелі 2022 жылдың желтоқсан айында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Биология, география және химия» кафедрасында ашылған Саданов Аманкелді Құрбанұлы атындағы микробиология ғылыми-зерттеу орталығы. 

Аманкелді Құрбанұлы – Қоқыт ата атындығы Қызылода университетінің түлегі. Инститтутты бірген соң Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Шығыс бөліміне қарасты В.Р.Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің топырақ биологиясы кафедрасының докторантурасын бітірген. Тынымсыз еңбектің нәтижесінде ғалым 1984 жылы ғылым кандидатты, 1995 жылы ғылым докторы атағын иеленді.

Ғылыми орталық білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуы үшін оптикалық құралдардан түрлі заманауи микрокоскоптар, термиялық аспаптардан – термостаттар, автоклав, центрифуга, кептіру шкафы, ал хирургиялық аспаптардан – скальпельдер, пинцеттер, қысқыштар және де Петри табақшасы, таразы, заттық, жабын шыныларымен жабдықталған. Сондай-ақ, орталық оқу үдерісіне пайдаланылатын академик Аманкелді Садановтың оқулық, оқу-құралдары, монографиялары және тағы басқа көптеген ғылыми еңбектермен толықтырылған.  

Бұл орталықта 5В01517-Биология, 5В01516-Химия-Биология бакалавр, магистратура, докторантура білім беру бағдарламарының көптеген пәндері, атап айтқанда молекулалық биология, өсімдіктер физиологиясы, биотехнология, микробиология және вирусология пәндерінің дәріс сабақтары мен зертханалық сабақтары, соның ішінде микробиология және вирусология пәнінен «Топырақтағы микроорганизмдердің санын микроскопта анықтау», «Бактерияларға қоректік орта дайындау», «Бактерияларды қолда өсіру» сияқты тақырыптардан жұмыстар жүргізуде. 

Қазіргі таңда 5B01517 – Биология білім бағдарламасының бакалавр, магистратура, докторантура бойынша білім алушылары және «Bioclub» үйірмесінің мүшелері ғылыми – зерттеу орталығында түрлі ғылыми жұмыстар жүргізіп, ғылыммен айналысуда. Атап айтқанда, магистратура бойынша Жасұлан Ысқақбай «Қазақстандағы экономикалық маңызы бар өсімдіктердің патогендері– саңырауқұлақтарды зерттеу нәтижелерін оқу үрдісінде пайдалану», Фариза Балмағанбет «Мектептегі биология курсында тірі ағзаларды жүйелеуді оқыту әдістемесі» тақырыбындағы диссертациялық жұмыстарына зерттеу жұмысын осы орталықта жүргізуде. 

Алдағы, 2023-2024 оқу жылынан бастап бұл орталықтың жұмысын Алматы қаласындағы микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу институтының филиалы ретінде жүргізу жоспарлануда.

Еліміздегі алдыңғы қатарлы дамып жатқан ғылыми мекемелердің бірі, Алматы қаласында орналасқан ғылым мен техника саласындағы екі мәрте мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, биология ғылымдарының докторы, академик Саданов Аманкелді Құрбанұлы басқаратын микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу орталығы.

– Академик Аманкелді Құрбанұлы біздің студенттерге оқу процесі мен тәжірибелік тарпынан да әрдайым көмегін аямайды. Оқу процесінде ол кісінің монографиялары мен дайындалған әзірлемелерін қолданудамыз. Атап айтқанда, биотехнологияның негізі болып табылатын өндірістік құнды микроорганизмдер туралы ғылыми еңбектерімен қатар, құрал жабдықтармен де қамтамсыз етті. Біз дәріс беру барысында өндірістік микроорганизмдердің физиологиясын, әсер ету механизмдерін, биопрепараттарды әзірлеу және қолдану тәсілдерін осы зертханада теориядан бастап тәжірибеге дейін студенттерге таныстырамыз, – дейді «Биология, география және химия» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы (PhD) Гүлжас Тоқтағанова.

Гүлжас Тоқтағанованың айтуынша, 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап «Биология, география және химия» кафедрасында Саданов Аманкелді Құрбанұлы атындағы микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс жасайды. Бұл орталықта микробиология және вирусология, молекулалық биология, өсімдіктер физиологиясы пәндерінің дәріс сабақтары мен зертханалық сабақтары жүргізіледі. 
Ғылыми-зерттеу орталығы академик Амангелді Садановтың кітап қорымен толықтырылған. Сонымен қатар, білім алушыларға ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысу үшін оптикалық құралдардан түрлі заманауи микрокоскоптар, термиялық аспаптардан – термостаттар, автоклав, центрифуга кептіру шкафы, ал хирургиялық аспаптардан – скальпельдер, пинцеттер, қысқыштар және деПетри табақшасы, таразы, заттық, жабын шыныларымен жабықталған. 

Қазіргі таңда 5B01517 – Биология білім бағдарламасының студенттерінен құралған «Bioclub» үйірмесінің мүшелері осы ғылыми – зерттеу орталығында түрлі жұмыстар жүргізіп, ғылыммен айналысуда. 

Ғалым жаңа ғылыми бағыттардың бірі топырақ биотехнологиясы мен топырақ микробиологиясын зерттейтін ғалымдарды біріктірді. Сонымен қатар, биологиялық және медициналық препараттар шығаратын «Өнеркәсіптік микробиология» зауытын ашты. Одан шығарылған препараттар халық денсаулығын жақсартуда қолданылып келді. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, ветеринария салаларына арналған 8 жаңа отандық биопрепарат технологиясы әзірленіп, өндіріске ұсынылды. Зауыттан жылына 80-90 тонна әртүрлі биопрепараттар шығарылып, сатылымға жіберіліп отыр.

«Профессор Қорқыт ата университетінің ғалымдарымен ғылым саласында жаңашыл бастамаларымен бөлісіп, үлкен ғылыми жобаларды бірге жүзеге асырып келеді. Осындай толағай еңбектерінің жемісінде «Саданов мектебі» қалыптасты. Біз ғылымдағы осындай тұлғалы ұстаздарымызды мақтаныш етеміз», – деді биология ғылымдарының докторы, профессор Салтанат Ибадуллаева.

– Аманкелді Құрбанұлы өзі білім алған қара шаңырақ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің өркендеп дамуына зор үлес қосып келеді. Оның ішінде бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, ғылыми кадрлар даярлау, университетіміздің оқытушы-профессорларын тағлымдамадан өткізу, сондай-ақ «Микробиологиялық ғылыми-зерттеу орталығын» жабдықтап, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуы үшін қажырлы еңбек етуде, – дейді Биология ғылымдарының кандидаты, доцент Айнұр Байкенжеева.

Аманкелді Садановтың ғылыми-зерттеу нәтижелері бойынша 1036 ғылыми еңбегі жарық көрген. Оның ішінде 620 ғылыми мақала, 24 монография, жоғары оқу орындарына арналған 39 әдістемелік құралы мен оқулығы даярланып, 155 авторлық куәлік пен патент, тауар белгілері алынды.
Ғалымның жетекшілігімен 40 ғылым кандидаты және 17 ғылым докторы дайындалып, бүгінде ұстаздың шәкірттері алыс-жақын шетелдерде, еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етуде.

Аманкелді Құрбанұлының қажырлы еңбегіне мемлекет тарапынан да жоғары баға берілді. Атап айтсақ, Ғылым мен техника саласы бойынша екі мәрте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері атанған.
 

8388da07-f228-4876-bcaf-f724d2989767.jpg

Тағы да оқыңыз: