Kyzylorda-news.kz М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде “Шетел тілі” бөлімінің апталығы аясында «MY NEW PEDAGOGICAL INNOVATION» тақырыбында ғылыми- әдістемелік жоба байқауы өтті.
Мақсаты – ағылшын тілі мамандарының ғылыми зерттеу және зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету, педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуде заманауи инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану барысында әріптестік тәжірибе алмасу;
Жоба байқауының негізгі бағыттары – жасанды интеллектті оқыту әдістеріне енгізудегі озық тәжірибелер, оқыту процесіндегі модернизация - құндылыққа негізделген білім беру, құзыреттіліктерді қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Байқауға қалалық жалпы білім беру ұйымдарының (мектептер) ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты. Шара барысында аталған бағыттар бойынша бірқатар жобалар ұсынылып, жеңімпаздар анықталды.
Нәтижесінде:
І орын- Барлибаева Мақпал, Панфилов атындағы 5 мектеп лицейі.
ІІ орын- Есмаханова Мөлдір, Т. Есетов атындағы 264 мектеп лицейі.
ІІ орын- Келдібай Ақнұр, Бәйтерек мектебі.
ІІІ орын- Жансай Жәния- И. Рысқұлов атындағы орта 222мектебі.
ІІІ орын- Дайырхан Ақкамшат- С.Сейфуллин атындағы 4 мектеп лицейі.
Басқа да қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.
Фото:aqmeshit-zhastary.kz