Kyzylorda-news.kz. Ғылым Қоры АҚ-ның ұйымдастырумен «Ғылыми және ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды ынталандыру шаралары» тақырыбында онлайн семинар өтті. Семинарға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 90-нан астам ғалымы мен ғылыми қызметкері қатысты.

Ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру – қазіргі таңда күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Себебі бұл мәселе ғылыми ұйымдар мен оқу орындары қызметінің басым бағыты болып саналады.

Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды жүзеге асыруға бағытталып отыр.

«Ғылым қоры» АҚ-ның бастамасымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен өткен онлайн семинар соның дәлелі.

Семинарда  «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Әбділда Шәменов ғылымды дамытудың өзектілігіне тоқталды.

«Ғылым қоры» АҚ Инвестициялар және жаңа жобалар департаментінің директоры Құрманғазы Омаров коммерцияландыру жөніндегі ғылыми жобаларды қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы айтып, жоба ұсынудың маңызын атап өтті.

«Инвестициялар және жаңа жобалар» департаментінің бас менеджері Юлия Вяткина ғылым мен бизнесті интеграциялау мәселелері бойынша ақпарат берді. Ал, «Ғылым қоры» АҚ бизнес-тренері Әсел Жүнісова ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру бойынша конкурсқа қатысу үшін қажетті қоса қаржыландыруды тарту мақсатында әлеуетті бизнес-серіктес үшін презентациялар дайындау туралы маңызды хабарлама жасады.

«Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін  коммерцияландыруды ынталандыру шаралары туралы» семинардың біздің университет ғалымдары үшін маңызы зор. Сондықтан осындай аса маңызды шараның өтуіне қолдау көрсеткен «Ғылым қорына» алғысымызды білдіреміз», – деді Қорқыт ата атындағы Қзылорда университетіндегі коммерцияландыру бөлімінің басшысы Нұржан Еділбаев.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 2025 жылға дейінгі даму жоспарында ғылымнан түсетін табысты ұлғайту, ғылыми жобаларды жүзеге асыру және коммерцияландыру, ғалымдарды ынталандыру мәселелері нақты көрсетілген. Сондықтан семинар алдағы жоспарларға жету жолын айқындап, мол тәжірибеге жинақтауға септігін тигізді.

WhatsApp Image 2022-11-24 at 08.35.28 (3).jpegWhatsApp Image 2022-11-24 at 08.35.28 (1).jpeg

Тағы да оқыңыз: