Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектептің  ұстаздары Шотландияның  Глазго қаласында өткен Білім берудегі европалық зерттеу (ЕСЕR) халықаралық конференциясына қатысып, білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелер бойынша өз зерттеулерін таныстырды. 

Ағылшын тілі мұғалімі Зәуре Ермаханова  «Мұғалімдердің екі есе қажеттілігі бар оқушылармен жұмыс жасаудағы тәжірибесі және түсінігі» тақырыбында баяндама жасады. Бұл жұмыста педагог отандық мектептердегі инклюзиялық білім беруде оқушылардың арнайы қажеттілігін қанағаттандыра отырып, олардың дарындылығын дамыту бағытын жан-жақты қарастырған. 

Ал физика мұғалімдері Айнұр Құрақбаева мен Гүлназ Диханбаева оқыту үдерісінде онлайн платформалардың көмегі арқылы оқушыларға тиімді кері байланыс беруді ұйымдастыру жолдарын  ұсынды. Авторлардың айтуынша, қазіргі таңда оқушының бойында өз бетімен білім алу, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту педагог мамандардың алдына қойған мақсаттарының біріне айналуы тиіс. 

80 мемлекеттен 3500-ден астам зерттеушінің  басын қосқан педагогикалық алаңда ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жанат Төреханова да оқушылардың ЭССЕ жазу барысында аргументтеу дағдысын дамыту туралы еңбегін таныстырып,  әдістемелік қоржынын тың идеялармен толықтырып қайтты.

Тағы да оқыңыз: