Kyzylorda-news.kz «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде» апталығы аясында Әбділдә Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана және Орда колледжінің бірлесуімен «Көркем сөз – көңіл кілті» атты мектеп оқушылары арасында интеллектуалдық сайыс өтті.
Кітап оқу – адамзат ойлап тапқан ең ғажайып құбылыстардың бірі. Рухани жан дүниеге демеу беріп, адамның адами қасиетін арттыратын да осы кітап. Тәрбиенің бастауы ертегі, жыр-дастандары да бүгінгі ұрпаққа кітап болып жетті. Баланы әдеби кітаптарды оқуға тарту – білімнің қайнар көзі болып табылады. Ол оның рухын сақтайды, жүрегі мен миын азықтандырады, өзін-өзі тану сезімін оятады, өз ісінің дұрыс, бұрыстығына қорытынды жасап, дәлелдей алатын, өмірдің ащысы мен тұщысынан дәм татып, өмір сүруге дайын, тірлікке бейім болуды үйретеді.
Мектептегі оқу үрдісі бастауыш сынып оқушыларынан оқудағы дербестікті талап етеді. Осыған орай, оқу еңбегінің барысында оларды ең алдымен кітаппен жұмыс істеуге үйретуден бастаған жөн. Көптеген бастауыш сынып оқушылары кітап оқуды ұнатады. Сондықтан да балалардың оқуы үшін кітап таңдап алуын ата-аналар, ұстаздар, кітапханашылар қадағалап отыруы тиіс.
Кітаппен жұмыс жасау – оқушының білім сапасын көтерудегі қажетті жағдай. Баланың жалпы дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен ізденуімен тығыз байланысты.
Оқушыларды өз ана тілінде таза сөйлеуге үйретуді шешендік өнерге баулуды және кәсіптік бағдар беруді жоспарлаған сайыс 4 кезеңнен тұрды.
Сайысқа:
Әбділдә Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінің меңгерушісі – Айгисинова Маржанкуль Тургунбаевна;
Әбділдә Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану библиографиясы секторының меңгерушісі – Кушербаева Айгуль Айдашқызы;
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, филология ғылымдарының кандидаты, доцент – Сара Бахтиярова төрелік етті.
Әділ қазылар шешімімен:
І орын – Абылай хан атындағы №140 мектептің 9 сынып оқушысы Жасұлан Бағдатұлы, жетекшісі Жұлдызай Музарапшина;
2 орын – Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Бахытжанова Жанель Ерланқызы, жетекшісі Мұратова Айгерим Бегалиқызы;
Үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар Абай атындағы ДБА мектептің 9 сынып оқушысы Мерей Ұсайын, жетекшісі Түменбаева Нұрила Нұрғисақызы;
ІІІ орын – А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Рахмузова Гүлім Мейірбекқызы, жетекшісі Жайылханова Алтын Базарбайқызы;
И.В Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Бахытбекова Ағжан, жетекшісі Ақбергенова Жанар марапатталды.
Ұйымдастырушы: А.Е. Алибаева
Сондай-ақ сәуір айында мектеп балаларын кітап оқуға ынталандыру үшін «Тез оқуды үйреніңіз» атты жылдам оқу сайысы 11сәуір күні облыстық кітапханада балалардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатында «Тез оқуды үйреніңіз» атты жылдам оқу сайысы ұйымдастырылды. Жылдам оқу сайысына Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің, Абылайхан атындағы №140 қазақ орта мектебінің, Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің, І.Қабылов атындағы №12 ІТ-мектеп-лицейінің, Қ.Мұхамеджанов атындағы №1мектеп-гимназиясының, С.Сейфуллин атындағы №4 ІТ мектеп-лицейінің оқушылары мен ұстаздары қатысты.
Сайыс барысында қатысушылар жазушы Мейіржан Жылқыбайдың «Тауға саяхат кітабы» бойынша жылдам оқып сайысты.
Балалар өздерінің оқу техникасының жоғары деңгейде екендігін көрсете білді. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені - А.Жамбыл, І орынды - А.Күнтөре, ІІ орынды - К.Балғабай және А.Абдіғали, ІІІ орынды - А.Амантай, Д.Ерболсын, К.Тұрдалы иеленді, ал қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Оқырмандармен тығыз байланыстағы облыстық кітапхана мектеп оқушыларын кітап оқуға ынталандыруды мығым қолға алып, «Мені таңқалдырған кітап» атты оқырмандар конференциясында өткізді.
5 сәуір күні облыстық кітапханада балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру және оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Мені таңқалдырған кітап» атты оқырмандар конференциясы өтті.
Шараға қаламыздағы Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің, Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің, І.Қабылов атындағы №12 ІТ мектеп-лицейінің, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейінің, Абылайхан атындағы №140 қазақ орта мектебінің, С.Әлжіков атындағы №144 орта мектебінің, Ж.Махамбетов атындағы №43 орта мектебінің оқушылары қатысты.
Қатысушылар өздерінің оқыған әлем және қазақ халқының озық шығармаларына тоқталып, алған әсерлері жайлы ой бөлісіп, пікір алмасты. Сонымен қатар оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, нақты жауаптарын алды. Шара соңында «Жақсы кітап – жан азығы» атты кітап көрмесін тамашалады.