Kyzylorda-news.kz  Елімізде бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізді. 

"Егер бұрын бірінші сыныпқа қабылдау мерзімі сәуірдің 1-нен тамыздың 1-не дейін жүзеге асырылса, енді баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау күнтізбелік биыл сәуірдің 1-і мен тамыздың 31-і аралығында өтеді", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігі демалыс кезінде ғана мектептен мектепке ауысуға байланысты шектеу алынғанын мәлім етті. Осылайша, жаңа ережелерге сәйкес, балаларды тұрғылықты жері бойынша оқу жылы ішінде мектептен мектепке ауыстыру мүмкіндігі бар.

"Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау кезеңі тамыздың 25-і аяқталуына байланысты білім алушылардың өтініштерін оныншы сыныпқа қабылдау мерзімі тамыздың 15-нен тамыздың 31-не өзгертілді. Колледжге қабылданбаған білім алушылар мектептің 10-11 сыныптарында оқуын кедергісіз жалғастыра алады", - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Тағы да оқыңыз: