“Елбасы академиясы”: Қызылордалық оқушылар үздіктер қатарында – Kyzylorda News
Басты бет

“Елбасы академиясы”: Қызылордалық оқушылар үздіктер қатарында

29.09.2021, 9:40

326 0

Kyzylorda-news.kz. “Елбасы академиясы” корпоративтік қорының басқарушы директоры Ануар Жангозин Қызылорда облысына іс-сапармен келді.

Іс-сапар барысында ол Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымовамен кездесті. Кездесуде облыста жүзеге асырылып жатқан “Ел үміті” жобасының барысы, оның ішінде ауыл мектептеріндегі балаларға арналған “Мың бала” ұлттық зияткерлік олимпиадасы мен “Елбасы медалі” жобасының тиімділігі және оның жүзеге асырылуы сөз болды. “Елбасы академиясы” алдағы уақытта жүзеге асыратын “Қабілет”, “Бірге оқу” жобалары бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.

Кездесуде “Елбасы академиясы” КҚ басқарушы директоры “Ел үміті” жобасы аясында Қызылорда облысы оқушыларының белсенділігі мен білімділігін ерекше атап өтті.

“2020 оқу жылынан бастап облыста “Мың бала” ұлттық олимпиадасы жүзеге асырылуда. 2 жылдың қорытындысымен 27452 бала олимпиадаға қатысып, 641 бала 2-ші кезеңде бақ сынады. Жеңімпаз ретінде 174 оқушы анықталып, 50 оқушы мамандандырылған мектептерге қабылданды. Олимпиада қорытындысымен Қызылорда облысы ІІІ орынды иеленіп отыр.

«Елбасы медалі»жобасына – 724 бала қатысып, аталған жылдан бері оның 254-і қола медальға, 1-і күміс медальға иегер атанды. Жобаға қатысушылар арасынан 62 бала грант иегері атанып, Қызылорда облыстар рейтингісінде ІІІ орынды көтерілді. Бұл үлкен жетістік!”,-деді А.Жангозин өз сөзінде.

Кездесу соңында “Елбасы медалі” жобасының 7 қола, 1 күміс медаль иегерлері марапатталды.
Қордың басқарушы директоры А.Жанғозинның іс-сапары “Мың бала” олимпиадасының жеңімпаздары білім алатын №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты жұмысымен танысуға ұласты.

Айта кетейік, аталған білім ордасында “Мың бала” олимпиадасының қорытындысымен 17 бала білім алуда.

0

Пікір қалдыру