Kyzylorda-news.kz Бүгін №12 кітапханада білім күні аясында «Ел болашағы – білімде» атты ашық есік күні өтті. Шараға Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының мұғалімдері, сондай-ақ оқушылар ата-аналарымен қатысты.
Аға кітапханашы Манат Жұмахметованың айтуынша, бүгінгі ашық есік күнін өткізудің негізгі мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар оқырманға кітапхана қызметін таныстырып, кітап оқуға шақыру. Ашық есік күніне келген кішкентай оқырмандар кітапханаға саяхат жасап, қазақ ақын-жазушыларының кітап көрмесі және шетел және балалар әдебиетімен танысты.
– Мені қызықтырғаны кітаптардың алуан түрлілігі. Міне бүгін кітапханаға оқырман ретінде жазылып, балалар әдебиетінен кітаптар алдым. Осы кітапхананың оқырманы болғаныма қуаныштымын, – деді Кәусар Әділхан.
Ашық есік күнінің нәтижесінде кітапханаға жаңадан 5 кішкентай оқырман жазылды.