Kyzylorda-news.kz  5 маусым – Экология күні және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бірқатар оқытушылары қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты сақтау бағытындағы еңбектері үшін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Марапат иелерінің қатарында «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Светлана Кужамбердиева, аға оқытушы, химия ғылымдарының кандидаты Нұрила Тоғызбаева, аға оқытушы Дархан Орынбеков және «Инжинирингтік технологиялар» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Салтанат Аппазова бар.

Аталған марапаттар оқытушылардың экология саласындағы ғылыми-педагогикалық қызметіне, жас ұрпақтың экологиялық сауаттылығын арттыруға және қоршаған ортаны қорғау ісіне қосқан үлесіне берілген жоғары баға болып табылады.

Тағы да оқыңыз: