Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының  бастамасымен жаңа оқу жылы қарсаңында республикалық «Мектепке жол» акциясы өтті. 

Акция аясында «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов сөз сөйлеп, жаңа оқу жылында оқушыларға сәттілік пен денсаулық тіледі.

Айта кету керек, қайырымдылық акциясына өңірлік ҚХА мүшесі, меценат Илларион Ли және жеке кәсіпкер Айдана Ерболатқызы қолдау білдіріп, өз үлестерін қосты. Қаладағы бірнеше көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасы оқушыларына оқуға қажетті құрал-жабдықтары толықтай қамтылған сөмкелерді табыстады. 

Жыл сайын дәстүрлі түрде тамылжыған тамыздан бастап, қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын науқанға облыстық ассамблея және этномәдени бірлестік өкілдері, волонтерлар бір кісідей жұмыла кірісіп, елдік пен кеңдіктің үлгісін көрсетіп келеді. Ата-аналардың алғысын алып, ризашылығына бөленеді.

Тағы да оқыңыз: