Kyzylorda-news.kz. Жас мамандардың үйлі болуына «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы арқылы зор мүмкіндік жасалып келеді. Өткен жылы мемлекеттік бағдарлама шапағатын көрген жас мамандар жаңа отаудың иесі атанған болатын.
Жалпы, «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдаламасы елімізде осыдан 13 жыл бұрын қолданысқа енгізілгендігін еске салайық. Негізгі жобаның мақсаты – ауылдық жерлерде жұмыс істеуге келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласының жас мамандарын ынталандыру болып табылады. Аудан жастарының баспаналы болуына жол ашатын жоба бүгінде өз тиімділігін көрсетті. Көптеген жас маман бағдарлама бағытымен ауылдық жерлерге жұмысқа орналасып, бүгінде елді мекеннің тұрғылықты тұрғындарына айналды.
2022 жылға көтерме жәрдемақының мөлшері 100 АЕК мөлшерімен есептеліп, бір маманға 306300 теңгені құраған. Яғни, 106 маманға 32 467,8 мың теңге қаржы бөлініп, көтерме жәрдемақы төленген. Оның ішінде, денсаулық сақтау саласында 25 маман, білім саласында 61 маман, мәдениет саласында 8 маман, спорт саласында 6 маман, агроөнеркәсіп саласында 3 маман және мемлекеттік қызмет саласында 3 маманға мемлекет тарапынан атаулы жәрдемақы берілген. Сонымен бірге Өткен жылы тұрғын үй сатып алу үшін берілетін бюджеттік несиенің мөлшері 1500 АЕК мөлшерімен есептеліп, бір маманға 4 594,5 мың теңгені құраған. Яғни, 54 маманға 248 103,0 мың теңге қаржы бөлініп, бюджеттік несие берілген. Оның ішінде денсаулық сақтау саласында 14 маман, білім саласында 29 маман, мәдениет саласында 1 маман, спорт саласында 6 маман, агроөнеркәсіп саласында 2 маман және мемлекеттік қызмет саласында 2 маманға бюджеттік несие берілген. Жәрдем ақыға қол жеткізген сала мамандарын жаңа отаудың иесі атанған.
Ауылдық жерлерде тұратын жастарға «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы қолайлы етіп жасалған. Өзім медициа саласының маманымын. Өткен жылы аталған бағдарлама бойынша несие алып, өз үйіме қол жеткіздім. Жас отбасы ретінде бағдарламаның шапағатын сезіндік. Бюджеттік сала мамандары қалауынша үй таңдап, бағдарламаның көмегіне жүгінсе болады. Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауды анық сезінген жастардың үйлі болуға зор мүмкідігі бар. Алдағы жылдары біз секілді аудан жастары жаңа үйдің кілтіне қол жеткізеді деп сенеміз, – деді Тереңөзек кентінің тұрғыны Әсел Аябекова.