Kyzylorda-news.kz. Бүгінде облыста дарынды балалармен жұмыс қарқынды жүріп келеді. Шын дарын иелерін қолдау мақсатында биыл Қызылорда қаласы мен Қармақшы ауданында мамандандырылған мектеп-лицей, интернаттар өз жұмысын бастады.
Сол жағалаудан 400 балаға арналған физика-математика мектеп-интернатының құрылысы жүруде. Бұл туралы Қызылорда облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов хабарлады.
Балалардың қосымша біліммен қамту үлесін арттыру мақсатында Жалағаш ауданында 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі пайдалануға берілсе, биыл «ҚазГерМұнай» компаниясының қаржылай қолдауымен 350 орындық заманауи “Оқушылар сарайының” құрылысы басталды. Сонымен қатар, Жаңақорған және Шиелі кенттерінен 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебінің құрылыстарына сметалық құжаттар әзірленіп, 2024-2025 жылдары іргетасы қаланатын болады, - деді басқарма басшысы Асқарбек Есжанов.