Kyzylorda-news.kz. М.Шоқай атындағы №187 ІТ мектеп-лицейде Президент Қ.Тоқаевтың «Оқулықтарды цифрлық форматқа көшіру және оқушы сөмкесінің салмағын жеңілдету» жөніндегі тапсырмасына сәйкес «Алматы кітап» тұңғыш «TopIQ.kz» білім беру «web» платформасын қолдану бойынша семинар өтті. Семинарға «Алматыкітап» коммерциялық мәселелер бойынша вице-президенті Жир Олеся Григорьевна мен Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері Ғалия Ермағанбетқызы, қала мектептерінің кітапханашылары қатысты.
Бүгінде цифрландыру жобасы – заман талабына айналып отыр. Әсіресе, білім саласында өрендердің цифрлық сауаттылығын арттыру маңызды. Осы орайда «Алматыкітап» баспасының коммерциялық мәселелер бойынша вице-президенті Жир Олеся Григорьевна барлық өңірдің мұғалімдері «TopIQ.kz» білім беру платформасын игерсе, оқушының оқу материалдарын жылдам меңгеруге ықпал ететіндігін айтады. Бұл өз кезегінде оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға негізделген функциялары мен видео, аудио контенттерден тұрады. Мұның білім беру саласына енгізілген ең ұтымды әрі заманауи цифрлық өнім екендігін айтып өтті.
Сонымен қатар, қазіргі таңда оқушылар мен мұғалімдер платформада орналасқан электрондық оқулықтарды, оқулықтағы интерактивті тапсырмаларды сабақ уақытында қолданып, оның тиімділігі мен заман сұранысына сай әзірленгенін атап өтті.