Kyzylorda-news.kz. Сәуір айында тұңғыш рет Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің конкурсы өткізілді.

Жеңімпаздарға жаңа оқу жылында 10 млн теңгеден аса қаражат бөлінбек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында университет проректоры Жандос Базартай мәлімдеді.

Гранттың басты мақсаты – жастардың өңір экономикасының өзекті проблемаларына арналған зерттеулеріне қолдау көрсету, оларды жаңа ізденістерге жігерлендіру. Университетте білім алушыларды өз мамандығына баулитын, ғылыми ізденіске тәрбиелейтін арнайы 34 үйірме жұмыс жасайды.

“Студенттерді кәсіпкерлікке тарту мақсатында «Business Start» жастар кәсіпкерлігі орталығы бар. Қазіргі таңда орталық бастамасымен 33 жоба жүзеге асты. 89 студент өз бизнесін бастап жас кәсіпкер атанды. Аталмыш жобаларға осы уақыт аралығында 88 млн. теңге инвестиция салынып, 22 млн. теңгені «Zhas project» жобасы аясында университет студенттері жеңіп алды”, – дейді Жандос Нұртайұлы.

Тағы да оқыңыз: