Kyzylorda-news.kz  М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжіндегі «Шетел тілі» бөлімі әдіскерлерінің ұйымдастыруымен 2 курс студенттері арасында «Болашақ педагог бейнесі» сайысы өтілді.

 Мақсаты - «Оқу процесінде ағылшын тілінің стилистикалық және лексикалық нормаларын, фольклор шығармаларын, балалар әдебиетін қолдану» оқу практикасын қорытындылау, болашақ мамандардың кәсіби шеберлігін дамыту арқылы іскерлікке, мәдениеттілікке және өз мамандығына жауапкершілікпен қарауға баулу.

Байқау кезеңдері:

 - І тур - топты креативті түрде таныстыру

 - ІІ тур - «My school» тақырыбында көрнекілікті таныстыру (Үй тапсырмасы)

- ІІІ тур - лингвистикалық ағылшын тілін оқытуға, үйретуге негізделген  ғылыми жоба қорғау (электронды бағдарлама, дискілер, кітапша, әдістемелік құрал т.б)

- ІҮ тур -  «Working with text» мәтінмен жұмыс әдістері, қатысушылар сабақтың бекіту кезеңіне сәйкестендіріп мәтінмен жұмыс жасаудың әдістерін көрсету, түсіндіру. 

- Ү тур - байқау кезеңінде қатысушылар берілген тапсырмалар бойынша көпшіліктің алдында тапқырлықтарымен жағдаяттардан сахналық қойылым арқылы шешу жолдарын көрсетті.

- ҮІ тур - болашақ педагог бейнесі мен стилін әр топ ерекшеліктерімен сән, дефиле арқылы көрсетіп,  нәтижесінде болашақ педагог ретінде түрлі форматта ашып, өзіндік кәсіби шеберліктерін сарапқа салды. 

Сайыс нәтижесіне сай  ШТ-М-22 тобы Бас жүлде иеленіп, ШТ-Д-22, ШТ-Г-22, ШТ-Д-22к, ШТ-М-22к  топтарының ерекшеліктеріне қарай номинациялармен марапатталды. 

Болашақ педагогтар байқауына директордың оқу өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасары Ж.О.Оразымбетова, “Шетел тілі” бөлімі оқытушысы С.Е.Ибрагимова және әдістемелік кабинет меңгерушісі Р.Ешпанова әділ бағасын беріп, қатысушыларға алдағы уақытта тәжірибе жинақтауға сәттілік тіледі.

Тағы да оқыңыз: