Kyzylorda-news.kz   Кеше жаңадан тағайындалған Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Анар Қалдыбаева Асқар Тоқмағамбетов ауылындағы клуб үйі мен Тереңөзек кенті мәдениет үйінің жұмысымен танысты.

Өз кезегінде бөлім басшысы  сала жұмысына серіпн керектігін жеткізді.

– Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы ретінде ақиық ақын Асқар Тоқмағанбетов ауылына арнайы барып, елді мекендегі мәдениет ошағының жұмысымен таныстым. Бөлімнің бас маманы Ақбота Ертісқызы екеуміз ауылдық клуб үйінің материалдық базасын, сала мамандарының біліктілігін құжат айналымын зерделеуге мүмкіндік алдық. Кездесу барысында ауылдық кітапхана жұмысын зерделеп, оқырманға қызмет ететін руханият ордасының жай-күйіне қанықтық. Салаға өзгеріс жасау мақсатында тың жобаларды қол алу керектігі тілге тиек етілді. Сонымен қатар үйірмеге бала тарту мәселесі назардан тыс қалған емес. Бірқатар олқылық бойынша сала мамандарына жан-жақты тапсырма берілді. Содан соң Тереңөзек кенті мәдениет үйінің қызметкерлерімен кездестік. Мұнда көптеген мәселелер ортаға салынып, алдағы жоспар барысы айқындалды. Алдағы уақытта мұндай кездесулер жалғасын табатын болады, – деді бөлім басшысы.

Тағы да оқыңыз: