Kyzylorda-news.kz. Жаңа оқу жылының басында облыс орталығындағы үш ауысымды оқыту қаупі бар 6 мектептің 4-уіне, 1850 орынға арналған жаңа қосымша ғимараттар пайдалануға берілді. Осы арқылы бюджет қаржысы үнемделді, дейді Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов.

Қызылорда қаласындағы Бәйтерек мөлтек ауданынан пайдалануға берілген 600 орындық жаңа мектеп сол аумақтағы 2 мектептің сыйымдылық жүктемесін төмендетуге мүмкіндік берді.

«Өткен аптада Шиелі ауданы, Байсын ауылында 250 орындық мектеп ғимараты ел игілігіне табысталды. Жыл соңына дейін 550 орынды құрайтын Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі 250 орындық және Жаңақорған кентіндегі 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен 8 мектептің құрылысын салуға тиісті ұсыныс берілді», - дейді басқарма басшысы.

Тағы да оқыңыз: