Kyzylorda-news.kz   Кеше аудан орталығындағы мектептердің қауіпсіздік жүйелерінің жұмысына зерделеу жұмысы жүргізілген болатын. Зерделеу жұмысы барысында білім беру объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа (117 бұйрық) сәйкес жұмыс істеуі, бейнекамералардың жұмыс жасап тұруы, оның ішінде барлық қауіпті аумақтарды қамтуы, аудандық полиция бөлімінің орталықтандырылған жүйесіне қосылуы мен дабыл түймелерінің жұмыс істеп тұруы, күзет қызметтерінің талаптарға сай болуы және турникеттердің жұмысы қадағаланды. Өз кезегінде аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков қауіпсіздік іс-шарасын пысықтады. 

Бүгінгі күні аудан бойынша барлық мектептер 100% бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Яғни, мектептерде 500-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мектептерде хабардар ету жүйесі, дабыл түймелерімен, контингент саны 700-ден асатын мектептер турникеттермен, сонымен қатар арнайы мамандандырылған күзет қызметімен қамтамасыз етілген.

         –  Бүгінде барлық мектепте қауіпсіз іс-шарасына көңіл бөлінген. Қазіргі уақытта мектеп директорларына бала қауіпсіздігін сақтауға байланысты тиісті тапсырмалар берілді, – деді білім бөлімінің басшысы. 

 

Тағы да оқыңыз: