Kyzylorda-news.kz. Әлия Молдағұлова атындағы №173 орта мектепте  дүбірлеген мерей той болып өтті.

Мектеп іргетасынының қаланғанына 60 жыл және Әлия Молдағұлова есімі берілгеніне 30 жыл толуына орай  қатар келген қос тойдың мерекелік кеші  Мадина Ералиева атындағы мәдениет үйінде кең көлемде аталып өтті.

Мерекелік жиынға Қызылорда қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Алимбетова Орынша Міржақыпқызы,  Қызылорда қалалық білім бөлімінің заңгері Нұрмаханов Аралбек Көбегенұлы, және қалалық білім бөліміне қарасты мектеп басшылары мен  ардагер ұстаздар, мектеп түлектері, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар қатысты.  

Мерекелік кеште ұстаздар қауымы Облыстық білім басқармасы басшысының, Облыстық кәсіподақ комитеті төрайымының, Қызылорда қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығы басшысының, Қалалық білім бөлім  басшысының және қалалық  кәсіподақ ұйымы төрайымының Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды.

Мерекелік кеште мектеп тарихы, мектеп басқарған  басшылары,  ұстаздардың еңбек жолдары туралы сыр шертілсе, мектеп ұстаздары мен оқушылары өз өнерлерін көрсетті. 

Мерекелік кеште мектеп басшысы  Конырбаева Гүлмира  Рәсілқызы сөз алып, мектептің қазіргі таңдағы оң өзгерістерін,  материалдық–техникалық базасының жаңаруын, ұстаздармен оқушылардың жетістіктеріне тоқталып,  бүгін кешке келген  қонақтарға өз алғысын білдірді.

318414000_825914015406960_9209275629192943848_n.jpg

318177856_825913758740319_3762641484196993157_n.jpg318461711_825913888740306_5356955498905460106_n.jpg

Тағы да оқыңыз: