Kyzylorda-news.kz  Гимназия – жалпы орта білім беретін оқу орыны. Оқушыларды олардың бейімділігіне сәйкес тереңдетіп, сала бойынша, дифференциациялы оқытуды көздейтін негізгі және қосалқы жалпы білім беретін бағдарламаларды жүзеге асырады. Алғаш 1538 жылы Страсбург қаласында (Франция) ұйымдастырылды.

Қазақстанда гимназиялар он тоғызыншы ғасырдың ортасынан бастап, ашылды. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет "Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту" сияқты өзекті мәселелер енгізілген. Білім мен сенім – егіз. Сондықтан да, қазіргі кезде көп жерде айтылып жүрген "Ауыл мектебіндегі білім нашар" деген көзқарас ауыл балаларының психологиясына кері әсер етеді. Оның үстіне ауыл балаларының ұяң болып келетіні тағы бар. Әрине, қаламен салыстырғанда ауылда ақпарат көздері аз, ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасы бүгінгі өміршең талаптарға сай келе бермейді. Алайда, білімді де, білікті мұғалімдер мен ата-аналар бар жерде қандай қиындықты да жеңуге болады.

"Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің Б.К. Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алпыс жылға жуық халыққа қалтқысыз қызмет етіп келеді. Қызылорда облысы,  Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Үмбет би көшесі №8 үйде орналасқан білім ордасының сыйымдылығы – 450 орынға арналған. Ғимарат бейімделінген. 2023-2024 оқу жылында оқушылар саны – 878 болды. Мектеп-гимназияда білім алушылар екі ауысымда сабақ оқиды.

2023-2024 оқу жылында педагог қызметкерлер саны - 95 болса, оның ішінде, 81 пән мұғалімі бар. Сонымен қатар, 1 әлеуметтік педагог, 1 педагог-психолог, 1 қосымша білім беру педагогы, 1 дефектолог, 1 тәлімгер балалардың үлгерімін бақылайды. Сондай-ақ, кітапханашы - 1, МАД - 4, уақытша қызмет атқаратындар - 4, жоғары білімді - 92, арнаулы орта - 3 қызметкер бар.

Мектеп-гимназия бойынша білім алушылардың «Алтын белгі» аттестат «Алтын белгі» белгісін, «Үздік аттестат» ие болғандарына мониторинг жасағанда, 2023-2024 оқу жылында білім сапасы мектеп-гимназия бойынша 81 процентті көрсетті.

Дұрыс әрекет – шынайы өмір

Б.К.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гиназия бойынша тәрбиенің басым бағыттары жайлы тоқтаусыз айтуға болады. 2023-2024 оқу жылында оқушылардың құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша, сонымен қатар, оқушылардың кешкі мезгілде беймезгіл уақытта заңсыз өкілінсіз жүрмеуін қадағалау мақсатында мереке күндері және сенбі, жексенбі күндері кешкі рейд жұмыстары жүргізілуде. Қазалы ауданы бойынша, білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алу және жол қазғалыс ережелерін сақтау жөніндегі түсіндірме жұмыстарын жүргізудің бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, 30 қыркүйек және 17 қазан күндері ақпан айының 17-сі күні Қазалы аудандық прокуратурасының, Ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен құқықтық профилактикалық шара өткізілді. Ақпан айында Қызылорда облыстық полиция департаментінің «Жасөспірімдер арасындағы есірткіге тәуелділікті жою» жарасы бойынша бейнеролик көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Б.К.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназия бойынша аудан көлемінде жол көлік оқиғаларының алдын алу және жасөспірімдер арасындағы келеңсіздікке жол бермеу мақсатында жүргізіліп жатырған рейдтік іс-шараларға байланысты Қазалы аудандық ішкі істер бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры М.Бегалиеваның қатысуымен "Жол жүрісі белгілерін білейік, келеңсіз оқиғалардан абай болайық" атты іс-шара өткізілді.

Отбасы күніне орай, “Отбасы – тәрбие бастауы” тақырыбымен 5-сыныптың ата-аналары арасында педагог-психологтың ұйымдастыруымен психологиялық тренинг жүргізілді.

"Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу" бағдарламасы бойынша мектеп-гимназия педагог-психологы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қазалы ауданы бойынша білім беру ұйымдарында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірудің бірлескен жұмыс жоспары негізінде Қазалы аудандық полиция бөлімінің, білім бөлімі, прокуратура өкілдері және жастар денсаулығы және жастар ресурсы орталағының қызметкерлерімен ағымдағы жылдың қаңтар айында профилактикалық түсіндірме жұмыстары өткізілді.

"Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі" атты тақырып аясында қыз балалардың қазіргі таңдағы оқу-тәрбие мәселесі бойынша көптеген мәліметтер беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қазалы аудандық полиция бөлімінің, білім бөлімі, прокуратура өкілдері және жастар денсаулығы орталағының қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 29 қараша күні профилактикалық түсіндірме жұмыстары өткізілді.

"Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" атты ақпараттық науқанының жоспарына сәйкес, бірлескен жұмыс барысы бойынша Б.К.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназия бойынша жоғарғы сынып оқушыларымен "Мектеп – қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан азат аумақ" атты профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

8-11 сыныптың қыз балаларына арнайы косметолог маманның қатысуымен "Бет күтімінің ережелері" атты тақырыпта іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шарада оқушылар бет күтімін қалай күтуге болады және бет күтімінде қандай ережелерді сақтау керектігі туралы оқушыларға кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

“Оқуға құштар мектеп” қысқы каникул күндері акциясында “Жасөспірімнің денсаулығы мен өмірлік дағдылар сериясынан" балалар психологиясы бойынша әдебиеттер жинағымен таныстырылым конференциясы 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілді.

Ұлттық құндылық – ұлт қорғаны

Қыздар ұйымының төрайымы, мектеп-гимназия писхологы және мектеп-гимназия директорының тәрбие жұмысы орынбасарының бірлескен түрде білім алушылардың арасында "Инабатты қыз – өмір көркі" атты қыздар жиыны болып өтті.

Құқықтық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру мақсатында есірткінің жасөспірімдердің ағзасына зияндылығы, құқықтық салдары және оларды есірткі курьері ретінде тартудың тәсілдері туралы, есірткінің заңсыз айналымына жоғары табыс іздеп, тартылу фактілерінің алдын алу үшін Қызылорда облысының Полиция департаментінің ЕҚҚІҚБ-мен мемлекеттік тілде дайындалған бейнедәрісімен 8-11 сынып оқушыларына ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.

Ақпан айының 21-25 аралығында өткізілетін" "Құндылық – адам жанының арқауы" апталық аясында "Тазалық – саулық негізі, саулық байлық негізі" тақырыбында 7-8 сыныптар арасында тазалық құндылығын насихаттау мақсатында театрландырылған көрініс, "Құрмет етсең, құрмет көресің" тақырыбында ғибратты әңгімелерді насихаттау мақсатында видео челендж, «Адалдық жүрген жерде – адамдық жүреді» тақырыбында оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу мақсатында, 9-сыныптар арасында ашық алаң ток шоу, "Ұлттық құндылық – ұлт қорғаны" атты тақырыбында ұлттық ойын түрлерін насихаттау мақсатында тоғызқұмалақ және бес асық ойыны, қазақ халқының тарихи тұлғалары Аристотельден кейін, дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің, дана, ұлы ақын, ағартушы Абайды, ақын, жазушы, аудармашы, философ Шәкәрімнің тәрбиелік аңыз-әфсаналарымен көрініс, "Жүрек қуанышы" атты тақырыпта 3-сыныптар арасында сурет көрмесі өтті. Сонымен бірге, "Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі" тақырыбында zoom платформасында педагог-психолог, өзін-өзі тану мұғалімі Шынар Есбергенованың ұйымдастыруымен вебинар, «Жалпыадамзаттық құндылықтар – тұлғаны рухани-адамгершілік тәрбиелеудің негізі» атты шеберлік сабағы, "Рухани – адамгершілік тәрбие" тақырыбында кітаптармен таныстыру көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, "Сүйіспеншілік – адамның басты қасиеті, ақиқат – оның негізі, дұрыс әрекет – шынайы өмірі" атты сынып сағаттары болып өтті. «Құқықтық сағаттар», «Құқықбұзушылықтың алдын алу», «Түнгі қаладағы балалар», «Кәмілеттік жасқа толмаған оқушылардың қылмыстық жауаптылығы» секілді тақырыптарында тәрбиелік профилактикалық жұмыстар, құқықтық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру мақсатында есірткінің жасөспірімдердің ағзасына зияндылығы, құқықтық салдары және оларды есірткі курьері ретінде тартудың тәсілдері туралы Қызылорда облысының Полиция департаментінің ЕҚҚІҚБ-мен ақпараттандыру жұмыстары, "Құндылық – адам жанының арқауы" апталық аясында "Тазалық – саулық негізі, саулық байлық негізі", "Құрмет етсең, құрмет көресің", "Рухани – адамгершілік тәрбие" бағыттары бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді. Ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмыстары бойынша дәріс сабақтар, «Даналық мектебі» жобасы аясында бірнеше мәрте мәдени іс шаралар жүргізілді. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «9 айға-9 іс-шара», «Төрт тоқсан – төрт өнер», «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобалары бойынша жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, мектептің «Қыздар ұйымы», «Ер балалар ұйымы» жұмыстары бойынша "Инабатты қыз – өмір көркі", "Бет күтімінің ережелері", «Әке шаңырақтың тірегі» атты мәдени іс-шаралар өз жалғасын тауып келеді.

Мектеп-гимназияда “Оқуға құштар мектеп” жобасы бойынша «coworking» оқу жүйесінің жұмыс жоспарына сәйкес, әдеби жинақтармен таныстырылымдар, конференциялар, сайыстар өткізілуде. «Мектеп театры» жобасы бойынша білім алушылардың актерлік шеберліктері де, әрбір қойылымдарда ерекшеленіп, дамып келеді. Мектеп-гимназияның «Өзін өзі басқару» жүйесі жүйелі түрде жолға қойылып, «Мектеп парламенті», «Жас ұлан», «Адал ұрпақ» секциялары өз жұмыстарын жоспарларына сәйкес жүргізуде.

2023-2024 оқу жылы бойынша «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сәйкес, әрбір сыныптар бойынша тәрбие жұмыстарының жоспары жасалынып, бекітілді. Биылғы оқу жылының ерекшелігі бойынша құндылықтарға негізделген тәрбие бағдарламасында: Ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтарына басымдылық берілген. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының ерекшелігі бойынша: Бала тәрбиесі (6-10 жас), Жасөспірімдер тәрбиесі (11-15 жас), Жастар тәрбиесі (15-18 жас) аралығына бөлінген. Жылдық жұмыс жоспарын жасау барысында сынып жетекшілер аталған жас ерекшеліктері бойынша ұсынылған тақырыптарды тәрбие жоспарына кіріктіру ұсынылды. Оқу жылының алғашқы күні «Мектеп – мейірбандық мекені» тақырыбында 1-11 сыныптар аралығында тәрбие сағаттары өткізілді.

– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілері мен білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-шараларды  ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығының 6-тарау 77 бабының 3-тармағында көрсетілгендей, біздің мектеп-гимназия  Үшінші топтағы білім беру объектілеріне жатады. Яғни – білім алушылардың және персоналдың нақты саны – 700 адамнан асатын білім беру объектілері деп көрсетілген. Осы заңнаманың 6-тарауының 80 бабында «Үшінші топтың объектілері қосымша техникалық жабдықтау, техникалық бақылау және басқару жүйелерімен, турникеттер, лицензияланған күзет ұйымымен және бейне бақылаумен қамтамасыз етілуі тиіс деп көрсетілген. Аталған заңнамаға сәйкес қазіргі кезеңде мектебіміз бейнебақылау жүйесімен, турникетпен жасақталып отыр, – дейді Б.К.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназия директоры Ерік Өмірзақов.

Директордың айтуынша, еңбек қауіпсіздігі мәселесі бойынша қазіргі таңда кешкі уақыттарда сонымен қатар, сабақтан тыс уақыттарда оқушылардың еңбегіне байланысты. Отбасындағы ата-анасының келісімі және келісімінсіз жұмыс жасап жүрген оқушылар болуы мүмкін. Мысалы: даяршы (официант), көлік жуу, көлік дөңгелектерін монтаждау жұмыстарына жалданып, жұмыс жасап жүрген оқушылар. Алайда, кешкі беймезгіл уақыттарда жұмыс жасау барысында Қазалы аудандық Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бұл мәселені құптамайтындығын ескерткен жөн. Осы мәселені сынып жетекшілер назарға алсаңыздар.

Оқу жылының басында төтенше жағдайларға және терроризмге қарсы осал объектілердің терроризмге қарсы тұру туралы жылдық жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Тиісті оқу жылында күздік мезгілде және көктемде оқу жаттығу жиындары өткізіледі. Оқу жаттығу жиыны барысында дыбыстағыш сирена қосу арқылы ғимараттағы барлық персоналдар мен білім алушылар межеленген уақыт аралығында ғимаратты тастап, белгіленген қауіпсіз аймаққа көшіріледі. Әрбір қабатта төтенше жағдай бойынша шығу схемалары бекітілген. 2023-2024 оқу жылының басында «Мектеп театры» жобасы аясында ашылған «Театр әлемі» жас өнерпаздарының жылдық жұмыс жоспары жасалынып бекітілді.

Осы оқу жылында «Мектеп театры» жобасы аясында мектебіміздің өнерлі оқушыларының «Ең тәтті күн», «Билер төрелігі», «Ай мен жұлдыз», «Баланың айласы», «Қаз дауысты Қазыбек», «Қоянның үйшігі», «Aldar kose and greedy farmer», «Түлкі мен қоян», «Little Red Riding Hood», «Тарих пен тіл тамырлас»,  «Төле би бабамызға – 360 жыл» толуына байланысты сахналық қойылымдар қойылды.

Жастардың тәрбиесіне ерекше мән беріледі

Заман ағымының үздіксіз дамуымен бірге адамдардың мінез-құлқы да, күн сайын өзгеруде. Таңдауы да, талғамы да, бөлек жастардың тәрбиесі қандай? Балаларына барлық жағдайды жасап бергісі келіп, ақша табу мақсатында тек, сыртта жүретін ата-аналардың беріп жатқан тәрбиесі қандай? Қазіргі заманның жастарын, өскелең ұрпақты қалай дұрыс жолға салуға болады? Бүгінгі біздің қозғайтын мәселе – осы тақырыпта болмақ.

Қазіргі таңда жастар өз бетімен, дәлірек айтқанда, ғаламтор арқылы өмір сүруге дағдыланған. Олардың басты тәрбиелеуші құралы – ұялы телефондары. Сырластары да, мұңдастары да сол.

Мектеп-гиназия бойынша 2023-2024 оқу жылының басында «Жалпы білім беру ұйымдарындағы оқушылар арасындағы есірткіні пайдалану және құқық бұзушылықтар жасау салдарының алдын алу іс-шаралар» бойынша жылдық жұмыс жоспары жасалынып, бекітілген.

Мектеп-гимназия бойынша оқушылардың құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша, сонымен қатар, оқушылардың кешкі мезгілде беймезгіл уақытта заңсыз өкілінсіз жүрмеуін қадағалау мақсатында мереке күндері және сенбі, жексенбі күндері кешкі рейд жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда аудан бойынша топтық төбелестің өршіп тұрғандығын ескеретін болсақ, кешкі уақыттарда оқушылардың ата-ананың жанында болуын ескерткім келеді.

Мектеп-гимназия бойынша осы 2024 жылдың басынан бастап, 4 ай ішінде 4 оқушы аудандық ішкі істер бөлімшесіне кешкі беймезгіл уақытта жүруіне байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Биыл ақпан айында да Сәтбаев және Әубәкіров көшелері бойынша 9 сынып оқушысы кешкі сағат 23:30 шамасында заңды өкілінсіз жүрген оқушыға Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің 442 бабының 2 бөлігіне сәйкес, хаттама толтырылып, айыппұл салынған.

Осы жылдың наурызында мектеп-гимназияның 10 сыныптың 2 оқушысы бірге кешкі беймезгіл уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүргендігі үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің 132 бабына сәйкес, заңды өкіліне айыппұл салынды. 2024 жылдың 28 наурызында кешкі беймезгіл уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүргендігі үшін ҚР ӘҚБК-нің 132 бабына сәйкес заңды өкіліне айыппұл салынды. Осы жағдайяттарды қарай отырып, ата-ананың кешкі уақытта оқушыны бақылаусыз қалдырып отырғанын байқауға болады.

Осы мәселелерге байланысты, Қазалы аудандық полиция бөлімі Криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілдерінің қатысуымен профилактикалық шара өткізілді. Шара барысында, қызметкерлер жасөпірімдерінің арасындағы мөлтек аудандар бойынша қақтығыстың болып жүргендігін және сол жасөспірімдердің арасында мектеп бойынша мөлтек ауданмен жүретін «Лидер» балалардың бар жоқтығын анықтау жұмыстарын жүргізді. Бұндай құқықбұзушылықтар орын алған уақытта Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 61 бұйрығын басшылыққа ала отырып, оқушы мектепішілік есепке алынды.

Қызметтің ашықтығы және өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету бағыты бойынша Б.К.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназияның facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасы ашылған және күнделікті мектеп тынысы бойынша ақпараттар жарияланып отырылады.

Білім беру ұйымдарының түрлі деңгейдегі әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық жүргізу мақсатында Қазалы аудандық «Жастар» орталығымен, Қазалы көлік техникалық колледжімен мемарандум негізінде серіктестік жұмысы жүргізіледі.

Үйірме өнер бастауы

2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдары мектептің тәрбие жұмысы жүйесінің маңызды буыны қосымша білім беру жүйесі болып табылады. Мектептің біртұтас білім беру кеңістігін қалыптастыру, білім сапасын арттыру және әртүрлі дамып келе жатқан ортада мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру процесін жүзеге асыру мақсатында негізгі білім берудің қосымша құрамдас бөлігі болып табылатын сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырылады.

2023-2024 оқу жылында пән үйірмелерінің негізгі мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың логикалық ойлау, жан-жақты дамыту және шығармашылық қабілеттерін ашу. Оқушылардың сабақтан тыс, бос уақытын қамту бойынша спорттық секция жұмыстар саны – 9. «Тоғызқұмалақ», «Қол дойбы», «Үстел теннисі», «Футбол» ,«Волейбол», «Парасаттылық, әдеп». «Баскетбол», «Шахмат» ,« Дойбы» . Сабақтан тыс үйірме жұмыстарының саны – 10 «Шебер қолдар»,  «Сиқырлы бояулар» атты үйірмесінде – 25 оқушы әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі күндері жұмыс жасайды. «Парасаттылық, әдеп»  үйірмесіне 5,6-сынып оқушыларынан құрылған 21 оқушы қатысады. Басты мақсаты – ана тіліміздің қолдану аясын кеңейту, тіл байлығын арттырумен қатар, сөздік қорларын молайту және тілге деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. «Шебер қолдар» қол өнер үйірмесіне 10 оқушы қатысады. Үйірмесі дүйсенбі күні өткізіледі.Құрылған жоспар бойынша үйірмеге оқушылар өздігімен еңбек етуге, өз қиялдары бойынша, шеберліктерін дамыту, бірнеше бұйым түрлерін жасап, тұрмысқа қажетті заттарды тоқып үйрену, ілмек бізбен тоқу, табиғи материалдармен жұмыс істейміз. «Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық» үйірмесіне 20 оқушы қатысады. Мақсаты – әр оқушының оның, қабілеті мен мүмкіндік деңгейін біліп оқыту. Оқушының іздене, ойлана білуге баулау, еңбектенуге тәрбиелеп, өз бетінше, жұмыс істеу қабілетін арттыру. «Математика» үйірмесіне 16 оқушы қатысады, бейсенбі күндері өткізіледі. 7-сынып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында, есеп шығаруға баулауға үйрету. «Экология » үйірмесіне бейсенбі күндері 7,8-сынып оқушылары қатысатын оқушылар саны – 20. « Жас өнерпаз» үйірмесіне 5-8- сынып оқушылары қатысады. Жұма күндері өткізеді оқушылар саны – 15. Спорттық секция жұмыстарының мақсаты – оқушылардың денсаулығын нығайту; дене шынықтыру мәдениетін қалыптастыру; өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіру себептерін белсенді етуді талап етеді. Сонымен бірге, волейбол ойынының теориялық білімін практикамен ұштастыру арқылы әдіс-тәсілдерін меңгерту; «Баскетбол» 66 оқушы, «Футбол» 13 оқушы, «Волейбол» 76 оқушы, «Жас сарбаз» 30 оқушы, «Үстел теннисі» 42 оқушы, «Тоғызқұмалақ» 40 оқушы, «Шахмат» 59 оқушы, «Дойбы » 40 оқушы қатысады. Спорт секцияларына мектеп оқушыларынан – 62,7 пайыз қатысады. Облыс, аудан көлемінде жарыстарға қатысып, жеңіске жеткен оқушылар баршылық. Оқушылар спорттық жарыстарға белсене қатысады. Үйірме жұмыстары балалардың өмірін бай және қызықты етіп, физикалық, интеллектуалдық, шығармашылық, адамгершілік және рухани дамуына барынша жағдай жасайды.

Балаларға әлеуметтік көмек көрсетілді

2023-2024 оқу жылы көмек алған бала саны – 100 оқушы қаржылай қамтылды. 1 оқушыға – 40567 теңге. Барлық сомма – 4056700 теңге. «Мектепке жол» акциясында көмек алған – 25 оқушы.  Жаңа жылдық мерекеде – 80 оқушыға жаңа жылдық сыйлықтар таратылды. Ыстық тамақпен қамтылғаны: әлеуметтік топтағы оқушылар – 77 адамды құрады. Қаржысы – 7 182000. Оның ішінде, 1-4 сынып – 357.  Қаржы – 32 371000

Сауықтырумен қамтылуы: Мектеп жанында – 40 оқушы тамақпен, 150 оқушы тамақсыз қамтылды. «Шағала» лагеріне – 42 оқушы, Республика қала сыртында – 10 оқушы.

2020-2024 жылды қорытындылай келе, мектеп-гимназияда жыл сайын «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, 25 оқушы мектеп құралдарымен қамтылды. Әлеуметтік  топтан шыққан балаларды тегін ыстық тамақпен қамтуды іске асыру, әлеуметтік топтан шыққан балаларды бір реттік қаржылай көмекпен қамтуды іске асыру, мектеп оқушыларының жазғы сауықтыруды шарасын ұйымдастыру, 1-11 cынып оқушыларының жеке әлеуметтік картотекасын жасау, өгей әке-шешемен тұратын отбасыны анықтау, тұрмыстық жағдайын зерттеу, өгей әке-шешемен тұратын балалардың жеке бас тазалығын тексеру, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасымен тұратын балалардың тұрғын үй тұрмыстық жағдайын зерттеу, өмірдің қиын жағдайына тап болған оқушыларға кеңес беру, әлеуметтік-психологиялық көмектер көрсету, әлеуметтік топтағы  тәртібінде ауытқуы бар оқушылармен  жұмыс жасап, ата-аналарына кеңес беру, күнделікті асхананың жәй-күйін тексеру, ыстық тамақ ішетін оқушылардың тапсырысын беру, мектеп жанынан ашылатын  күндізгі тынығу лагеріне оқушыларды ұйымдастыру. әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына қолдау білдіріп, мерекелік іс-шараларға қатыстыру ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта әлеуметтік көмекті қажет ететін – 71 білім алушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылып отыр. Оның ішінде, көп балалы – 42, аз қамтылған – 13, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы – 6, толық емес отбасы – 7, жетім – 1, ата-ана қамқорлығынсыз қалған – 1, форма 4-1. Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға жыл сайын әлеуметтік қолдау көрсетіліп отыр. Бастауыш, негізгі орта және жалпы білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендермен, оқу және көркем әдебиеттермен қамтамасыз етілуі

Б.К.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназияда мектеп кітапханасы оқу ғимаратының төменгі қабатында орналасқан. Кітапхананың жалпы ауданы – 52.25 шаршы метрді құрайды. Оқу залы 15 орын және ғаламторға қосылған бір компьютермен жабдықталған. Абономент залында – 1553 көркем шығармалар және әр ғылым саласы бойынша, сөздіктер, ұстаздарға арналған газет-журналдар бұрышы, қазақ ертегілер, жаңа кітаптар, «Хәрри Поттер VII томдығы» кітап көрмесі жыл бойы ұйымдастырылып келеді. «Бір ел – бір кітап» республикалық жыл кітабы Б.Соқпақбаевті оқимыз, «Кітапхана бұрышы» «Қазақтың Қанышы – 125 жыл» кітап көрмесі, түрлі іс-шаралар, «Ертегілер еліне саяхат» мобильдік кітапхана» «Мен болашақ оқырманмын» бастауыш сыныптары арасында бұрыштары бар.

«QR-кодпен оқылатын әдеби кітаптар» жоғары сыныптарға арналған, заманауи кітаптар бұрыштарымен, брошюралар, газет-журналдермен жабдықталған. Оқулықтар қорына арналған кітап қоймасында 4 сөрелерде оқулықтар сыныптар бойынша орналастырылған. Кітапхананың ұйымдастырып, өткізген іс-шаралары, бейнероликтер, виртуалды көрмелер, оқырман конференциялары, әдеби танымдық кездесулер, «буккроссинг», «Coworking»  орталықтарымен жабдықталған. Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясындағы жұмыстар мектеп сайтына «Facebook» желісіне  жүктеледі. Арнайы "Оқуға құштар мектеп" жобасы, «Facebook», әлеуметтік желілерге ақпараттар уақытында жарияланады.

– Кітапхананың қызметі бірыңғай ережелерін кұру, құжаттарын сақтау, жинақтау, ескірген басылымдар мен оқу әдебиеттерін есептен шығару, оқырмандарға қызмет көрсету ережелерін ұйымдастыру белгілі бір талап пен ереже бойынша жүргізіледі. Ал, жаңа оқу әдебиеттерін қабылдау ілеспе кұжаттар бойынша жүзеге асады. Кітапхананың басты мақсаты – оқу процесін ақпараттық ресурстарымен қамтамасыз ету. Кітапхананың басты міндеті – оқырмандарға жедел және сапалы қызмет көрсету, қажетті оқулықтармен, оқу-әдістемелік, ғылыми және көркем әдебиеттермен қамтамасыз ету. Жыл сайын кітапхана өз қорын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан толықтырады. Мектеп кітапхана қорында – 15438 оқулық бар, – дейді Б.К.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназия директоры Ерік Өмірзақов.

Оның мәлімдеуінше, 2023-2024 оқу жылында қосымша – 3132 оқулық жаңадан келіп тұр. 7-сынып химия -30дана, 10сынып (жаратылыстану бағытында) оқулық саны - 648 дана, 10сынып (гуманитарлық  бағытында) оқулық саны - 570 дана, 11сынып (жаратылыстану бағытында) оқулық саны -690 дана, 11сынып (гуманитарлық  бағытында) оқулық саны - 630 дана, 2сынып орыс тілі - 99 дана, 5сынып  оқулық саны - 140дана, 6сынып оқулық саны - 90дана, Кітапхана қорына жаңадан – 348 дана көркем әдеби  шығармалар әкелінді. Бұрынғы  көркем  шығармалар қоры  – 1205 дана. Сонымен қатар, электронды оқулық:  цифрлық сауаттылық 1- сынып - 95 дана, цифрлық сауаттылық 2-сынып - 99 дана алынды. Мұғалімдерге әдістемелік нұсқаулық бойынша, еңбекке баулу 1- сынып – 4дана, еңбекке баулу  2-сынып -  4дана, русский язык  2-сынып – 4дана, математика 1-сынып -1дана, математика 5-сынып – 1дана, геометрия 7-сынып – 1дана, химия 7-сынып – 1 дана, физика 9-сынып – 1дана иемделді. Мектеп алды даярлық тобына  әдістемелік құралдарға байланысты, қоршаған ортамен таныстыру – 3дана, қарапайым математикалық  ұғымдарды қалыптастыру – 3дана, сөйлеуді дамыту – 3дана, мүсіндеу – 3дана, көркем әдебиет – 3дана, құрастыру – 3дана, дамытушы ойындар – 3дана, сауат ашу – 3дана келді.

Жалпы есеппен алғанда, қазіргі таңда мектеп қорында 18570 оқулық, 1553 көркем әдеби шығармалар бар. Е-таңдау  платформасы арқылы мектеп оқулықтарына таңдау жасау жоспарлануда. 3-сынып бойынша осы платформалық таңдау жасалып, 100 процент қарастырылды.

Оқу және материалдық құндылықтар

Мектеп ауданы – 2191,6 шаршы метрді құрайды. Мектепке кіре берісте әкімшілік пен сынып жетекшілері күнделікті кезекшілікте тұрады. Мектеп ғимаратында полицияға шұғыл қоңырау шалу үшін дүрбелең түймесі, сондай-ақ, өрт дабылы орнатылған деген ақпарат берді Б.К.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназия директоры Ерік Өмірзақов. Сонымен қатар, мектеп ғимаратының кіре беріс бейнебақылау камералары арқылы бақыланады. Мектепте 19 видеокамера іске қосылған. Оның ішінде, 9 сыртқы, іште 10 орналасқан. Мектептің бейнебақылау жүйесі келесі аудандарды тиімді визуалды бақылауды қамтамасыз ететіндей етіп салынған. Білім ордасы аумағының сыртқы периметрі, ғимараттық кіреберісі, коридорлар, баспалдақ аланы, шағын орталықтың сыртқы периметірін, коридорлар, жатын бөлмесі, ойын бөлмесі, қазандық ғимаратының іші-сырты қадағалауда ұсталынады. Бейне бақылау бойынша, өрт қауіпсіздігі бойынша келісім шартқа отырған ұйым жылына екі рет тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады. Қажет болған жағдайда шақырту бойынша туындаған ақаулықтарды жоюға күш салады. Жылына бір рет өрт сөндіргіштерді ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Мектеп 450  оқушы қабылдауға арналған. Ғимараттың инфоқұрылымы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай. Үй-жайлардың жарық және ауа-жылу режимдері, қауіпсіздік шаралары, өртке қарсы сақтық шаралары сақталған. Санитарлық ережелерге сәйкес, келетін ішкі санитариялық бөлмелері бар. Білім алушыларға медициналық көмек көрсету үшін жабдықталған медициналық кабинет бар. Оқушыларды жыл сайынғы кешенді тексеруді аудандық емхананың дәрігерлер тобы жүргізеді. Мектепте дене шынықтыру сабақтары мен спорт секциялары өткізілетін – 315,6 шаршы метрлік спорт залымен жабдықталған. Мектеп – 29 оқу кабинеттерімен жабдықталған. Модификация кабинеттері биология мен тарих, соған тиісті құрал-жабдықтары да бар. Кабинеттер оқу жабдықтары және жиһаздармен қамтамасыз етілген.

Шәкірттерге бар жағдай жасалған

Ас-су ішуге арналған асханада қажетті технологиялық жабдықтар бар, оны жаңарту жоспарлануда. Талапқа сай, ішкі дәретхана бар. Ұлдарға – 2 және қыздарға – 2 дәретхана орналасқан. Ішінде – 2 раковина, 4 унитаз, 2 қол кептіретін қойылған. Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы басты міндет. Сондықтан, мектеп-гимназия бойынша, асхана 100 орынға арналған. Асхананың жалпы ауданы – 106,85 шаршы метр болып тұр. Бөлме саны – 4. Ас даярлайтын бөлменің ауданы – 45,10 шаршы метр. Ас ішетін бөлменің ауданы – 139,80 шаршы метр, қойма – 11,10 шаршы метр ыдыс жуатын бөлме – 11,10 шаршы метрді құрайды. Ас ішу залында үстелдер, орындықтар, қолжуғыш, сұйық сабын, қоқыс салатын жәшік орналастырылған. Асханада «Ас – адамның арқауы» тақтасы, ақпараттық стендтер ілінген. Meктеп асханасында бір аспазшы және үш көмекшісі бар. Санитарлық кітапшалары талапқа сай, медициналық тексерістен уақытылы өткен. Жұмыс барысында халат, фартук, орамал, екінші аяқ киім киеді. Ас пісіру барысында, қолдарына арнайы резеңке бес саусақты қолғап киеді. Ауыстырып отыруға халат, фартук, орамалдары үш данадан бар. Ас дайындау барысында, асхана ішінде санитарлық талаптарды орындайды. Тұрмыстық техникадан электр плитасы - 1 дана. Барлық плиталардың пештері жұмыс жасайды. Тоңызытқыш (мұздатқыш камерасымен) - 1 дана, мұздатқыш - 1 дана , электронды таразы - 2 дана тіркелген. 2021-2022 оқу жылы - 83, 2022-2023 оқу жылы – 82 оқушы, 2023 жылы қаңтар айынан 1-4 сыныптардың – 337 оқушысы , 2023-2024 оқу жылы – 424 оқушы жалпыға бірдей міндетті білім алушылар мен тәрбиеленушілердің 1-4 сынып оқушыларымен жекелеген санаттарындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 «Білім беру объектілеріне қойылған санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыру қамтамасыз етуге байланысты тауарды сатып алу» қағидаларын бекіту бұйрықтарын орындау негізінде жалпыға бірдей міндетті білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтанумен қамтамасыз етуде мектеп бойынша 1-4 сынып оқушыларын тамақтанып отыр. Тамақтану 100 мәселелерін мектепке бекітілген жеткізуші ИП « Панова-Б» тағайындалды.

Мектеп оқушыларына арнайы медициналық қызмет көрсетіледі

Медициналық қызметке лицензия № 18021975 2018 жылы 06 желтоқсанда берілген. Мерзімі-шектеусіз. Мектеп мейірбикесі – Гүлжанат Бектасқызы мамандығы бойынша медициналық біліктілігін арттыру курсыннан өткен, тиесілі талапқа сай маман куәлігі бар. Медициналық қызмет көрсетуге рұқсат берілген сертификатты да жарамды. Дина Бектұрғанқызы – медициналық қызмет көрсетуге рұқсат берілген сертификаты бар маман. Медициналық кабинет бар. Медицина кабинеті мектептің бірінші қабатында орналасқан. Кабинеттің жалпы көлемі – 36,0 шаршы метр. Күн сайын тазалық жұмыстары жүргізіліп отырылады. Медициналық кабинеті медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Медициналық қызмет кабинетінің жұмыс тәртібі – 5 жұмыс күні. Санитарлық қағидаларға сәйкес, мектептің медициналық қызмет кабинетінде жеке пайдалануға арналған жабдықтар: 2 жазу үстелі, 2 орындық, 2 кушетка, 2 медициналық шкафы, 1 тоңазытқыш, 1 өлшегіш лентасы, 1 бакцериалдық шам, 1 таразы, 1 бой өлшегіш, 1 тонометр, 1 термометр, 1 қол жуғыш, шелек, тағы басқалармен және медициналық жабдықтармен толық жабдықталған.

Тағы да оқыңыз: