Kyzylorda-news.kz. Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің мәжіліс залында  облыстық ұйымның Кеңес отырысы болып өтті. Кеңес мүшелері өткен жылғы Кәсіподақ қызметінің қорытындыларын талқылап, алдағы кезеңге арналған міндеттерді айқындады.

«2022 жыл біз үшін нәтижелі жұмыс жасалған жыл болды. Облыстық кеңес пен мүшелік ұйымдардың тәжірибелік жұмысы жоспарланған іс-шараларды орындауға, оның ішінде сала қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге, кәсіподақ мүшелерін жан-жақты қолдауға бағытталды. Осы ретте бірлескен табысты жұмыстарымыз үшін кәсіподақ активіне және әлеуметтік әріптестерімізге ризашылығымды білдіремін. Біздің алдымызда кәсіподақ қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру бойынша бірқатар міндеттер тұр. Кеңес отырысының негізгі мақсаты − осы жұмыстағы басымдықтарды талқылау мен айқындау», − деген  комитет төрағасы Гүлнар Есқалиева бірлескен жұмысты әрі қай дамытуға шақырды.

Әрі қарай комитет төрағасы Кәсіподақ ұйымы қызметіндегі Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңын іске асыру жұмысыны туралы хабарлама жасады.

Облыстық кәсіподақ ұйымы мен Қызылорда облыстық білім басқармасының бірлескен шешіміне сәйкес педагогтардың кәсіби әлеуетін арттыруға арналған шаралардың жүзеге асырылу  барысы туралы облыстық білім басқармасының әдістемелік  оқу орталығының директоры Сырым Асқаров пен Аймақтық дене тәрбиесі методикалық  орталығы спорт және ұйымдарастыру бөлімінің басшысы Бағлан Танмамбетов толығырақ баяндады.

Кәсіподақ қызметінің басым бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар есебі тыңдалған соң Кеңес мүшелері сөз сөйлеп, пікірлерін ортаға салды. Сөз алғандар саладағы түйткілді мәселелерді қозғай отырып, ұсыныстарын жеткізді. Барлық талқыланған мәселелер бойынша кеңес мүшелері Кеңес отырысы қаулысының жобасын бірауыздан қолдады.

Тағы да оқыңыз: