Kyzylorda-news.kz. 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов, аудандық мәслихат депутаты Талғат Әліпбаев және аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов ерекше білім беруге қажеттілігі бар үйден оқитын оқушыларға арнайы барып, мерекемен құттықтады. 

Нақтыласақ, Ыбырай Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің 2 сынып оқушысы Бағдәулет Темірхан, Сәкен Сейфуллин атындағы №165 мектептің 5 сынып оқушысы Дидар Әбдіғани және Жамбыл Жабаев атындағы №234 мектептің 8 сынып оқушысы Дамир Жолдыбайдың үйлеріне аялдап, аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың ыстық ықыласын жеткізді. Сонымен қатар арнайы сыйлықтарды табыстап, жылы лебіздерін білдірді. 

«Ерекше балаларды ескерусіз қалдырмаған аудан әкіміне және шаңырағымызға келіп жатқан Сіздерге шынайы алғымызды білдіремін. Немереме қай жағынан болмасын қолдау жоғары. Ендігі жерде басқа түскен сынаққа мойымай, Дамирдың азамат болып өсуі жолында қолдан келгенді аямаймыз. Жаратқан ешбір ата-ананы баламен сынамасын. Әрбір шаңырақта тек қуаныш болсын. Балам қатты қуанып қалды. Ата-ана үшін бақыт деген осы ғой», – деді Дамирдің әжесі Райкүл Оңдабаева.

Тағы да оқыңыз: