Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі Жолдауында қала мен ауыл мектептерінің білім сапасын теңестіруді қолға алу қажет екенін жеткізді. Осы түйткілдің негізгі түйіні ретінде “Ауыл” партиясы Қызылорда облыстық филилалының бастамасымен, облыстық білім басқармасының қолдауымен Қызылорда қаласындағы үздік білім ордасы “Mansap” мектебі мен Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылындағы №32 І.Қабылов атындағы орта мектебі білім сапасын дамыту бойынша екі жақты келісімге келді.
Меморандумда Президент Жолдауынан туындайтын білім берудегі оң өзгерістер бойынша “Mansap” мектебінің білікті кадрлары ауылдық аймақтағы оқушыларға дәріс беріп, Олимпиада және ҰБТ-ға жоғары көрсеткіш жинақтауға атсалысады. Әсіресе оқушылар ағылшын және алгебра пәндері бойынша білімін одан әрі жетілдіре алады. Сонымен қатар Мәдениет ауылындағы ұстаздар “Mansap” мектебіне барып, ұжыммен біліктілікті арттыру мақсатында тәжірибе алмасуға мүмкіндік болады.